Прототиптеу секторы
Прототиптеу секторы — бұл бұйымдар мен конструкциялардың тәжірибелік үлгілерін әзірлеуге және жасауға арналған оқу-өндірістік бөлімше. Бұл секторда идеядан бастап 3D-модельдеуге, кейіннен прототиптерді дайындау мен сынақтан өткізуге дейінгі толық цикл жүзеге асырылады. Негізгі міндет — инженерлік шешімдерді заманауи технологиялар мен жабдықтарды қолдана отырып, тез арада нақты бұйымға айналдыру. Сектор жобалық қызметті, инженерлік ойлауды және тәжірибелік өндірісті біріктіріп, инновациялық әзірлемелер мен оқу жобаларын дамытуға мүмкіндік береді.
Зертхана қызметінің мақсаттары
- тәжірибелік үлгілерді әзірлеу және жасау үшін жағдай жасау;
- инженерлік және жобалық ойлауды дамыту;
- прототиптеу саласындағы заманауи технологияларды меңгеру;
- идеядан дайын бұйымға өтуді жеделдету;
- ғылыми, оқу және инновациялық жобаларды қолдау;
- жобалау және өндіріс бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Қызмет бағыттары
- бұйымдар мен конструкцияларды 3D-модельдеу;
- прототиптер мен макеттерді жасау;
- тәжірибелік үлгілерді сынау және жетілдіру;
- реверстік инженерия;
- объектілер мен бөлшектерді 3D-сканерлеу;
- CAD/CAM жүйелерімен жұмыс;
- КИМ (координаталық-өлшеу машинасы) көмегімен бұйым геометриясын бақылау;
- ВИМ және контурограф арқылы өлшеу бақылауы;
- аддитивті және аралас өндіріс технологияларын қолдану;
- жобаларды таныстыруға және енгізуге дайындау.
Қолдану саласы
- машина жасау және өнеркәсіптік дизайн;
- жаңа өнімдер мен құрылғыларды әзірлеу;
- білім беру және инженерлік даярлау;
- стартаптар мен инновациялық жобалар;
- робототехника және электроника;
- сәулет және дизайн;
- ғылыми-зерттеу қызметі;
- шағын сериялы өндіріс және бұйымдарды сынақтан өткізу.
Портативті 3D-сканер ZG RigelScan Plus
|
HEXAGON GLOBAL S координаталық-өлшеу машинасы (КӨМ)
|