«Smart Engineering» құзыреттілік орталығы – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті базасында құрылған пәнаралық ғылыми-инженерлік алаң. Орталық смарт-инжиниринг технологияларын дамытуға және өнеркәсіптің негізгі салаларында импортты алмастыруды жетілдіруге бағытталған. Орталық қызметінің негізгі бағыттарына машина жасау, тау-кен металлургия кешені, агроөнеркәсіптік сектор және медицина салалары кіреді. Орталықтың басты мақсаты – өнеркәсіпті цифрлық трансформациялауға ықпал ету, технологиялық артта қалушылықты азайту, технологиялық қауіпсіздікті арттыру және экономиканың нақты секторына заманауи инженерлік шешімдерді енгізу.

Орталық өз қызметі аясында импортқа тәуелділікті және күрделі технологиялық жабдықтардың құнын төмендетуге бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізумен айналысады. Сонымен қатар цифрлық инжинирингті дамытуға, өндірістік үдерістерді автоматтандыруға, инженерлік жүйелерді жобалау, модельдеу және талдаудың заманауи әдістерін қолдануға ерекше назар аударылады.

Орталық өнеркәсіптік кәсіпорындармен, ғылыми ұйымдармен және мемлекеттік құрылымдармен ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып, ғылым, білім және өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді. Қызметтің маңызды бағыттарының бірі – ғылыми-зерттеу жобаларын қолдау, инженерлік құзыреттерді дамыту және заманауи цифрлық әрі өндірістік технологиялармен жұмыс істей алатын жоғары білікті мамандар даярлау.

Соңғы өзгерістер күні:
13.05.2026