Жобаның мақсаты:
Заманауи талдау құралдарын, жабдықтарды, әдістемелер мен IT-технологияларды пайдалана отырып, жоба шеңберінде жүргізілген мониторинг негізінде жобалық және басқарушылық шешімдерді ұсыну жолымен қалалық ортаның сапасын жақсарту.
Мақсат келесі кіші мақсаттарды қамтиды:
- зерттеу, білім беру және интернационалдандыру саласында ҒКТУ мақсаттарына қол жеткізу үшін қоршаған орта туралы ғылым, киберфизикалық жүйелер және урбанистика саласында жаңа білімді дамыту;
 - антропогендік әсерді азайту арқылы Өскемен қаласының су ағындарының жер үсті суларының сапасын жақсарту;
 - жер үсті суларының сапасы бойынша деректер базасын қалыптастыру және өзгерістерді талдау;
 - ағаш екпелерінің санын көбейту арқылы Өскемен қаласының атмосфералық ауасының сапасын жақсарту;
 - қаланың ағаш және бұта өсімдіктерінің геодеректер базасын қалыптастыру;
 - азаматтардың қоршаған орта мен жасыл желектердің жай-күйі туралы дұрыс ақпарат алу құқықтарын қамтамасыз ету;
 - ауыр түсті және асыл металдарды алу мен рециклингті қамтамасыз ету үшін электрондық қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жаңа тәсілдерін әзірлеу арқылы "жасыл" металлургияны дамыту.
 
Жобаның міндеттері
- Жобаның міндеттеріне жобаны іске асырудың барлық бағыттары үшін ортақ тармақтар кіреді:
 - бағытқа сәйкес мониторинг жүргізу;
 - алынған мәліметтер негізінде әртүрлі қолайсыз факторлардың әсері мен қоршаған орта мен халық денсаулығының жай-күйі арасындағы өзара байланысты, корреляцияны анықтай отырып талдау жүргізу;
 - талдау негізінде қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қала аумағында халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау үшін ұсынымдар әзірлеу.
 
21.06.2022