«Жас Талап-KZ» Көшбасшысы» - 2022
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті оқушылардың жыл сайынғы «Лидер «Жас Талап-KZ» олимпиадасын өткізеді, оның жеңімпаздары 2022-2023 оқу жылында Д.Серікбаев ат. Шығыс Қазақстан техникалық университеті Ректорының атаулы грантының иегері болады!
Қатысушылар Қазақстанның кез келген өңіріндегі орта мектептің 9,10,11 сынып оқушылары бола алады.
Байқау жеңімпаздары төрт номинация бойынша анықталады:
- «Математика»,
- «Физика»,
- «География»,
- «Бейнелеу өнері және сызу».
Екінші және үшінші орын алған қатысушылар II, III дәрежелі дипломдар және Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ университеті мен IT-колледжінде бірінші оқу жылында 25-тен 50%-ға дейінгі мөлшерде жеңілдіктер алады.