«Жас талап» 11-сынып оқушыларының үздік ғылыми жобалар конкурсы
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті «Жас талап» ғылыми жобалар конкурсының басталғаны туралы хабарлайды -Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің 11 сынып оқушыларының үздік ғылыми жобалары.
Конкурстың мақсаты: Жастарды ғылыммен және өнертапқыштық қызметпен айналысуға ынталандыру, өнертапқыштық кәсіп ретінде маңыздылығын арттыру.
1, 2 және 3 орын алған «Жас Талап» конкурсының жеңімпаздары Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде тегін білім алуға мүмкіндік беретін ректорлық білім грантын алады.