Академиялық ұтқырлық – жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларының белгілі бір мерзімге оқу немесе оқыту мақсатында өз елінің ішінде немесе одан тыс басқа оқу немесе ғылыми мекемеге баруы.
Академиялық ұтқырлықтың артықшылықтары:
- Шетелде тамаша оқу тәжірибесін алу;
 - Болашақта бәсекеге қабілеттілікті арттыру;
 - Жаңа білім алу;
 - Шет тілін меңгеру деңгейін арттыру;
 - Ой-өрісіңізді кеңейту;
 - Саяхаттау мүмкіндіктері;
 - Жаңа адамдармен танысу және байланыс орнату;
 - Жаңа елмен және оның мәдениетімен танысу.
 
Бүгінгі таңда университетіміз сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламаларын сәтті жүзеге асыруда және шетелде 150-ге жуық серіктес университеттері бар.
Біздің серіктес-университеттер:
- IIIT Bombay Mumbai, Үндістан
 - Istanbul University, Түркия
 - Adam Mickiewicz, Польша
 - Zonguldak Bulent, Түркия
 - Akita University, Жапон елі
 - Grenoble University, Франция
 - Obuda University, Венгрия
 - UITM MARA, Малайзия
 - University of Naples, Италия
 
13.02.2025