Біздің колледжде оқудың артықшылықтары
- Әлеуметтік серіктестердің қаржыландыруы және тапсырыс бойынша білім алуға мүмкіндік;
- «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасын іске асыру»;
- WorldSkills стандарттарын оқу процесіне енгізу (робототехника, виртуалды және толықтырылған шындық, сандық бағдарламалық қамтамасыз ету станоктарында бағдарламалау және т. б.);
- Futurum, Veritas университеттерінің оқу-ғылыми-өндірістік орталықтарында сабақтар өткізу;
- Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да қысқартылған бағдарлама бойынша білім алуды жалғастыру;
- басқа қаладан келгендерге жатақханадан орын беру;
- жұмысқа орналасудың кең мүмкіндіктері;
- кәсіби білім алу және жұмыс мамандығын игеру, сондай-ақ, қалауымен Университетте жоғары білім алу.
Оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімі:
- Өтініш;
- Білімі туралы құжат (түпнұсқа және көшірме);
- 86-У нысандағы медициналық анықтама;
- 3×4 көлеміндегі фотосурет (4 дана);
- Жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі (туу туралы куәлік, жеке куәлік, төлқұжат (паспорт));
- Оқуға түсуші колледжде тест тапсырады: 9 сынып негізінде – тіл және математика, 11 сынып негізінде – тіл, Қазақстан тарихы, математика, ал 11 сынып негізінде (күндізгі) «Түсті металдар металлургиясы», «Пайдалы казбаларды байыту» мамандықтарына түсуші оқушылар математика пәнінің орнына химия пәнін тапсырады.
Көрсетілетін қызметті алушылар - шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады: 1) шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты; 2) азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі; 3) босқын - босқын куәлігі; 4) пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі; 5) оралман - оралман куәлігі.
|
Құжаттарды тапсыру мерізімі:
- күндізгі оқу бөліміне 20 маусымнан - 25 тамызға дейін;
- сырттай оқу бөліміне 20 маусымнан - 20 қыркүйекке дейін
Біздің байланыс телефондарымыз:
Өскемен қаласы, Д. Серікбаев көшесі, 19
8 (7232) 70-46-38, внутренний 359
8 777 7352960
Сайт: www.ektu.kz«Біз туралы», «Оқушыға» бөлімдерінде
college_ektu@mail.ru