Кәсіпорын базасындағы университет филиалы – жұмыс берушінің материалдық-техникалық базасы мен кадрлық әлеуетін пайдалана отырып, білім алушылардың практикалық даярлығын ұйымдастыру үшін құрылған университеттің оқшауланған құрылымдық бөлімшесі.
Мақсаты: Кәсіпорынның нақты міндеттері, қажеттіліктері мен стандарттарына сәйкес кадрлар даярлау, теория мен практика арасындағы алшақтықты қысқарту.
Құқықтық мәртебесі: Ынтымақтастық туралы меморандум және филиал қызметі туралы келісім негізінде құрылған университеттің құрылымдық бөлімшесі.
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Студенттер үшін:
Ерте курстардан бастап мамандыққа бейімделу, кепілді жұмысқа орналасу.
Кәсіпорын үшін:
Өз қажеттілігіне сай кадрларды даярлау, жас мамандарды іздеу және бейімдеу шығындарын азайту.
Университет үшін:
Білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының нақты талаптарына сәйкес өзектендіру.
ФИЛИАЛДА ДАЯРЛАУ
ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ФИЛИАЛДАР
«Казцинк» ЖШС |
![]() |
![]() «ҚР КПМС ҰО» РМК «ВНИИЦветмет» филиалы |
|
«А.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Алтай филиалы |
![]() |
«Өскемен ЖЭО» ЖШС |
![]() |
|
|
![]() |
Филиалды ашу жөніндегі нұсқаулық
Соңғы өзгерістер күні:19.02.2026





