Инженерлік геодезия негіздері

Капасов Азамат Кайсарович

Оқытушының портфолиосы

Асылханова Жанна Александровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс студенттерді құрылыс нысандарын дәл орналастыру үшін қажетті инженерлік геодезия негіздерімен таныстырады. Теориялық ережелер де, практикалық әдістер де зерттеледі: геодезиялық түсірілімдерден бастап жергілікті жерлерде жобалық шешімдерді шығаруға дейін. Нәтижесінде студенттер заманауи құралдарды қолдана отырып, типтік инженерлік-геодезиялық тапсырмаларды орындай алады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Геодезияның негіздері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 75
курстық жоба
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Құрылыстарды және техникалық жабдықтарды іздестіру, жобалау, құру және эксплуатациялау кезіндегі инженерлік-геодезиялық жұмыстардың әдістері мен технологиясын, жалпы қағидалары мен теориясын оқу.
Міндет
  • Азаматтық және өнеркәсіптік ғимараттардың құрылысын геодезиялық қамтамасыз ету кезіндегі бөлу және басқа да жұмыстарының түрлерін орындау, инженерлік-геодезиялық торларды жобалау әдістерін игеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Геодезиялық өлшеулер үшін қолданылатын геодезиялық аспаптарын, ақпаратты автоматтандырылған өндеу кезінде есептеуіш техникасын және құралдарын білу, олардың нәтижелерін математикалық өңдеуді білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Заманауи технологияларды қолданып экономика объектілерін геодезиялық қамтамасыз ету кезіндегі геодезиялық жұмыстардың заманауи әдістерін және тәсілдерін қолдану қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ақпаратты сараптау, әртүрлі геодезиялық өлшеулер өндірісінің әдістері туралы дәйекті қорытындылар жасау және дәйекті пайымдауды айту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымда ұйымдастыру-басқару функцияларын орындауға қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Заманауи геодезиялық аспаптармен, геодезиялық жұмыстарды орындау кезінде компьютерлік технологиялармен жұмыс істеу дағдылары.