Жеңіл металдар металлургиясы

Абдулина Сауле Амангельдыевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Жеңіл металдар металлургиясының (алюминий, титан және магний) технологиялық процестерінің негіздерімен, құрамында жеңіл металдар мен олардың химиялық қосылыстары бар шикізат көздерін өңдеу теориясымен және практикасымен, сондай-ақ процестер мен аппараттардың қажетті металлургиялық есебін жүргізе білуімен танысу.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Инженерлік білім беруге кіріспе
  • Металлургиялық үрдістердің технологиясы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
курстық жұмыс
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазбаша емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқытудың мақсаты- студенттердің жеңіл металдар металлургиясының технологиялық үрдістерінің негізін, құрамында жеңіл металдар мен олардың химиялық қосылыстары бар шикізат көздерін өңдеу әдістерінің теориясы мен тәжірибесін, процестер мен аппараттардың қажетті металлургиялық есебін жүргізе білуі. Оқыту пәні шикізат базасы, физикалық-химиялық ерекшеліктері, технологиясы, Металлургиялық үрдістердің негізгі жабдықтары болып табылады.
Міндет
  • Жеңіл металдар металлургиясын оқыту міндеттері келесілер болып табылады: - жеңіл металдарды алудың теориялық негіздерін білу; - жеңіл металдар металлургиясы дамуының негізгі кезеңдерін білу; - жеңіл металдар өндірісінің технологиялық ерекшеліктерін тану; - жеңіл металдар өндірісі үшін шикізатты қалыптастыру кезінде өтетін процестерді тану - -ндірістің бас аппаратуралық-технологиялық схемаларымен танысу - жеңіл металдар металлургиясының заманауи мәселелерімен, маманданудың ғылыми пәні ретінде танысу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Осы модуль бойынша жеңіл металдар мен олардың қосылыстарының қасиеттері, жеңіл металдарды кендік шикізаттан және және, қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын металлургиялық аралық өнімдерден алудың қазіргі заманғы және перспективалық әдістері, жеңіл металдарды алудың отандық және шетелдік өнеркәсіптік технологиялары және оларды кешенді өңдеудің нақты деректерін жинақтау қажет. Студенттерде негізгі физикалық-химиялық заңдылықтарды білу негізінде металлургиялық қайта өңдеуге тартылатын жеңіл металдардың өзгеруін болжауға мүмкіндік беретін химиялық ойлауды қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Модульді оқып болғаннан кейін студент нақты технологиялық есептерді шешуі тиіс (шикізаттың нақты түрінен қандай да бір металды алу технологиясын жасау, процестердің оңтайлы режимдерін таңдау, қасиеттері бойынша жақын элементтерді бөлу немесе тазарту тәсілін таңдау, аппаратуралық жабдықтау және т.б. таңдау).
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • - жеңіл металдарды өндіру процестері бойынша зерттеу жұмыстарына әдеби шолу жасау ;
  • - жеңіл металдарды алудың технологиялық процестерін зерттеу нәтижелерін қорытындылау және түсіндіру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • - орындалған зерттеу жұмыстары бойынша есептемелер жасау;
  • - зерттеу жұмыстарын орындау нәтижелері бойынша ақпарат беру;
  • - командада жұмыс істей білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • - жеңіл металдарды алу үдерістерінің зерттеу жұмыстары мен технологияларын талдау негізінде проблемаларды анықтау және оларды шешу жолдарын табу қабілеті;
  • - жеңіл металдарды алу технологиясының проблемалық мәселелерін шешу бойынша зерттеу жұмыстарын жоспарлау және орындау қабілеті;
  • - білімді жетілдіру және одан әрі оқыту дағдысының болуы.