Мыс, никель және кобальт металлургиясы
Сипаттама: Мыс, никель және кобальт өндірісінің теориялық негіздерін, оларды өндіру технологияларының қазіргі жағдайын және саланың даму перспективаларын зерттейді. Білім алушы мыс, никель және кобальттың шикізат базасын және осы металдардың кендері мен концентраттарын өңдеудің технологиялық схемаларын білуі тиіс. Осы металдарды алу кезінде металлургиялық агрегаттарда жүретін пирометаллургиялық және гидрометаллургиялық процестердің негізгі термодинамикалық және кинетикалық заңдылықтарын біледі және түсінеді.
Кредиттер саны: 8
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 45 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 45 |
| СӨЖ | 120 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- келешек маманға металлургия саласында мыс, никель және кобальт өндірісінің теориясы мен технологиясын терең игеруге мүмкіндік беретін білімдер беру.
Міндет
- - Бақылау және курстық жұмыстардың мақсаты мыс, нкель және кобальтты алу бағытында практикалық есептерді шығару барысында «Мыс, никель және кобальт металлургиясы» пәнінің мазмұнын ашатын теориялық жағдайлар мен негізгі заңдылықтарды түсіну. Бақылау жұмысын орындау мыс, никель және кобальтты өндіріу процесін тереңірек түсінуге және металлургиялық есептеулерді жүргізуге практикалық машықтануға мүмкіндік туғызады
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Мысты-никельді өндірістің шикізат базасын. Мыс, никель және мысты-никельді концентраттарды өңдеудің технологиялық сұлбаларын. - Мысты-никельді шикізатты металлургиялық өңдеудің технологиясы мен жабдықтарын. - Шарпымалы, шахталық және электр пештерінде штейн және қож түзілудің термодинамикалық және кинетикалық заңдылықтарын. - Автогендік үрдістердің теориялық негіздері мен технологиясын. - Мыс, никель және мысты-никельді штейндерді қайта өңдеудің теориясы мен технологиясын. - Мыс және никель концентраттарын гидрометаллургиялық өңдеудің теориясы мен технологиясын. - Кобаль алудың теориялық негіздері мен технологиясын.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Студент төмендегілерді істей алуы тиіс: - Химиялық құрамдары бойынша кендер мен концентраттардың минералдық құрамдарын есептеуді. - Технологиялық процестердің материалдық және жылу баланстарын құрастыра білуді. - Әдістемелік нұсқаулықтар бойынша зертханалық жұмыстарды орындай білу. - Орындалған зертханалық жұмыстарға қорытындылар жасай білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Студент төмендегіге құзыретті болуы тиіс - Минералды шикізаттан өнімді рафинациялай бөліп алу кезінде химиялық тепе-теңдік заңдылықтарын, күйдің фазалық диаграммасын пайдалана отырып үрдістің сандық көрсеткіштерін есептей білу; - Ғылыми әрекеттің бар түрін ұйымдастырып жоспарлай білуі керек - Металлургиядағы технологиялық үрдістерді зерттеуге қажетті алдыңғы қатарлы ғылыми тәсілдерді, техникалық құрал жабдықтарды қолдана білу; - Металлургиялық үрдістерге қатысты ғылыми зерттеу және иновациялық қызметін білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- - инженерлік есептерді шешу үшін теорияны, практиканы және әдістерді біріктіре білу және олардың қолдану аясын түсіну. - өз жұмысын жоспарлай білу; - міндеттер жүйесін нақты белгілеу, олардың ішіндегі негізгілерін анықтау; - есептерді шешудің ең жылдам және үнемді жолдарын шебер таңдау; - тапсырманың орындалуын шебер және жедел бақылау; - өзіндік жұмысқа тез түзетулер енгізу мүмкіндігі; - жеке орындаушылар тобын, оның ішінде пәнаралық жобаларда жетекшілік ету дағдыларын көрсете отырып, жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу қабілеті; - жеке жауапкершілікті, кәсіби этика мен кәсіби қызмет стандарттарына адалдығын көрсете білу. - инженерлік қауымдастықпен және жалпы қоғаммен тиімді ақпарат, идеялар, мәселелер және шешімдер алмасу мүмкіндігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- - толеранттылық (басқаларға төзімділік ретінде), басқаның позициясын түсінуге және қажет болған жағдайда оны қабылдауға ұмтылу және ұмтылу; - алдын ала ойлау, болжау және нәтижені болжау қабілеті; - үздіксіз кәсіби бағдарланған өзін-өзі дамытуға ұмтылу. - қажеттілікті мойындау және өмір бойы өз бетінше білім алуға қатысу қабілеті; - ғылым мен техника саласындағы жаңалықтарды қадағалау мүмкіндігі;