Түсті металлургияның қалдықтарынан металдарды бөліп алу технологиясы
Сипаттама: Түсті металлургия қалдықтарын қайта өңдеу тәсілдері бойынша негізгі ғылыми және практикалық материалдарды зерделейді. Қорғасын, мырыш, титан, алюминий және басқа өндіріс қалдықтарының пайда болуы, Түсті металдарды алу және оларды пирометаллургиялық, сондай-ақ гидрометаллургиялық тәсілдермен өңдеудің ұтымды тәсілдерін әзірлеу мәселелерін қарайды.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Келешекті металдық материалдар және технологиялар
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 75 |
| СӨЖ | 30 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәнді: Ғылыми және практикалық мәселелерді шешу үшін металлургиядағы инновациялық технологияларды таңдау, зерттеу және енгізу кезінде докторанттардың қайталама шикізат металлургиясының физика-химия саласындағы кәсіби теориялық білімдерін тереңдету.
Міндет
- Металлургия саласында теориялық және практикалық зерттеулер жүргізу кезінде алған білімдерін кәсіби қолдану дағдыларын игеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Түсті металлургия және техногендік шикізат қалдықтарын қайта өңдеу саласында инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- түсті металл қалдықтарын қайта өңдеу кезінде металлургиялық агрегаттарда өтетін пирометаллургиялық және гидрометаллургиялық процестер ағымының заңдылықтары; - қайталама шикізатты пайдаланудың кешенділігін арттыру тәсілдері; - түсті металдардың қайталама шикізатын қайта өңдеудің қолданыстағы технологияларын жетілдіру жөніндегі негізгі әлемдік үрдістер.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Ғылыми саланың шекарасын кеңейтуге өзінің түпнұсқа зерттеулерімен үлес қосу және өз білімдері мен жетістіктерін көпшілікке хабарлау
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Командада жұмыс істеу үшін қажетті қарым-қатынас қабілеттерін дамыту.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- оқыту процесінде білім алушыларда технологиялық процестер ағымының негізгі заңдылықтары туралы тұрақты түсініктер қалыптасады