Ақпараттық- өлшеу технологияларының негіздері
Сипаттама: Өлшемдердің ақпараттық негіздерін анықтау және сипаттау, өлшем ақпаратын алу әдістері, өлшеу сигналдарын табу және жіктеу, сондай-ақ олардың түрлендіру әдістерімен байланысы. Өлшем ақпаратын талдаудың ықтималдық әдістерін қолдану, өлшеулердің әртүрлі түрлерін салыстыру. Өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістеріне, олардың дәлдігі мен белгісіздігін бағалауға, сондай-ақ электрлік және электрлік емес шамаларды түрлендіргіштерге ерекше назар аударылады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Инженерлік білім беруге кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Білім алушыларда ақпараттық-өлшеу технологиялары саласында құзыреттілікті қалыптастыру.
Міндет
- Ақпараттық-өлшеу техникасы мен технологияларының негізгі түсініктерін зерттеу және оларды практикалық қызметте қолдану дағдыларын алу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- өлшеу технологияларының терминдері мен анықтамалары, өлшеу ақпаратын алу және өңдеу әдістері,өлшеу техникасы құралдары.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- - өлшеу ақпаратын алу және беру әдістерін білу; - өлшеу арналары мен сигналдардың модельдері, олардың негізгі сипаттамалары; сигналдарды өңдеу әдістері және өлшеу нәтижелері; - өлшеу сигналдарын математикалық сипаттау және түрлендіру, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып өлшеу нәтижелерін өңдеу дағдыларын меңгеру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- − жеке жауапкершілік, кәсіби этика және кәсіби қызметті жүргізу нормаларын ұстай білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- ақпараттық-өлшеу техникасы мен технологиясы саласындағы инженерлік қызметтің нәтижелерін нақты баяндау және қорғау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- - таным, оқыту және өзін-өзі бақылау әдістері мен құралдарын өз бетінше қолдана білу, интеллектуалдық, мәдени, адамгершілік, дене және кәсіби өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру перспективаларын сезіну, өзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін сын тұрғысынан бағалай білу.