Техникалық жүйенің беріктілігі
Сипаттама: Бұл пән автоматтандырылған басқару жүйелерінің сенімділігін есептеудің заманауи әдістерін зерттейді. Курста техникалық жүйелер сенімділігі теориясының негізгі ұғымдары мен анықтамалары, сенімділіктің сандық сипаттамалары, математикалық модельдері және дискреттік кездейсоқ шамалардың таралу заңдары қарастырылады. Пәннің мақсаты – студенттерге техникалық жүйелердің сенімділігін талдау үшін қажетті теориялық білім мен математикалық және ықтималдық әдістерге негізделген практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Физика 2
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- студенттерде болашақ маманның инженерлік-басқару қызметінің объектілері болып табылатын күрделі техникалық жүйелерді талдау, бағалау және сенімділігі мен өнімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті ғылыми білімдер мен жалпы кәсіптік дағдылар жүйесін қалыптастыру.
Міндет
- күрделі жүйелердің жұмысын талдауда жүйелі тәсілді меңгеру: сапа, өнімділік және сенімділік ұғымдарының арақатынасын меңгеру;
- бұйымдар мен күрделі техникалық жүйелердің өнімділігі мен сенімділігін бағалау әдістерін зерттеу;
- пайдалану кезінде сенімділік пен өнімділікті басқару әдістерін түсіну;
- техникалық жүйелердің сенімділік көрсеткіштерін талдау және есептеу дағдыларын меңгеру,
- басқарудың автоматтандырылған жүйелерін жобалауда берілген сенімділікпен жүйелерді синтездеу әдістерін қолдану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Пайдалану және жобалау этаптарында бағдарламалық және аппараттық құралдарының сенімділігін жоғарылату тәсілдері. ТЖ қалпына келтірудің және жоғалудың негізгі заңдылығы, сенімділік теориясының анықтамалары мен терминдерін білу және түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Элементтер мен жүйелердің сенімділігіне анализ жасау үшін берілген сенімділікпен синтездеу тәсілдерін қолдану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Басқару және автоматтандыру жүйелерінің түйіндерімен элементтеріне сенімділік есептерін қолдану.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Жеке және команданың мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, орындаушылардың жеке топтарымен басқару дағдыларын атқару, соның ішінде пән аралық жоба, дербес жауапкершілік, кәіби этика және кәсіби қызмет.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Жаңа жабдықты меңгеру, автоматтандыру жүйесінің қолданыстағы техникалық жағдайын және қалдық қорды тексеру.