Физика 2

Ерболатова Гульнара Уалхановна

Оқытушының портфолиосы

Баятанова Ляйла Болаткановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс тербелістер мен толқындар теориясына арналған. Екінші бөлімде геометриялық оптика және толқындық оптика элементтері баяндалады. Жалпы қасиеттермен қатар жарық толқындарының ерекшеліктері байқалады. Келесі бөлімде сәулеленудің кванттық табиғаты зерттеледі. Кванттық статистика және конденсирленген күй физикасы элементтері беріледі. Қорытынды бөлімде атом ядросы мен элементар бөлшектер физикасының элементтері баяндалады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Физика 1

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттердің физика саласында, болашақ инженерлерге ғылыми және техникалық ақпарат ағымында бағдарлануға мүмкіндік беретін және оларға маманданған техника салаларында жаңа физикалық принциптерді пайдалануға мүмкіндік беретін теориялық дайындық негіздерін жасау.
Міндет
  • Физикалық құбылыстар, ұғымдар, заңдар, теориялар, әдiстер, тәжiрибелiк фактiлер жайлы бiлiмдi қалыптастыру; - Қазіргі замандағы ғылымның даму дәрежесіне сай әлемнiң ғылыми бейнесiн беретiн көзқарастарды қалыптастыру; - Өнеркәсіп техникасы және технологиясында физика заңдарын қолдану арқылы ғылыми техникалық өрлеудің негізгі бағыттарымен танысу; - Физиканың әртүрлi саласы бойынша нақты есептердi немесе мәселелердi шешу әдiстерi мен тәсiлдерiн меңгеру; - Қазiргi замандағы жаңа ғылыми аспаптармен танысу, болашақ мамандығының қолданбалы есептерiн шығарғанда физикалық модельдеу дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Негізгі физикалық құбылыстар мен заңдарды, классикалық және заманауи физиканың әдістері, физикалық зерттеу; қолданылу шекарасы әр түрлі физикалық ұғымдар, заңдар, теориялар
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Студенттерді өлшеу аппаратурасымен таныстыру, эксперименталды зерттеулер жүргізу, эксперимент нәтижелерін өңдеу және оларды талдау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ғылыми және техникалық ақпарат ағынында бағдарлай білу және кәсіби қызметте жаңа физикалық принциптерді пайдалана білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Өз еңбегін ұйымдастыра білу, өз қызметінің нәтижелерін үлкен дербестік дәрежесімен бағалау, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын меңгеру; кәсіби қызметте базалық білімді қолдана білу; практикалық жұмыстың теориясы мен дағдыларын меңгеру; алынған нәтижелерді талдау, қажетті қорытындылар жасау және ұсыныстар тұжырымдау; зерттеулерде алынған нәтижелерді есеп түрінде ұсыну.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Кәсіби салада жаңа білім алу және білім алуды жалғастыру дағдыларын меңгеру, кәсіби және жеке өсуге ұмтылу.