Физика 1
Сипаттама: Курс бірнеше бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім кинематиканы, материалдық нүкте мен қатты дененің динамикасын баяндауға арналған. Екінші бөлімде молекулалық физика және термодинамика негіздері қарастырылады. Үшінші бөлімде электростатика, тұрақты ток және электрмагнетизм оқытылады. Электр және магнит өрістерінің өзара байланысын және табиғат бірлігін растайтын заңдар мен құбылыстар.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Физика. Мектеп курсы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | 30 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | диф.сынақ |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Пәннің мақсаты: «Физика» пәні бойынша жүйелі білім беру; физикалық құбылыстар мен негізгі идеяларды оқытып, үйрету; iргелi ұғымдарды, заңдарды, қазiргi заманғы классикалық физика теорияларын және физикалық зерттеу әдiстерiн меңгеру. Ғылыми көзқарас пен қазiргi заманғы физикаға сай ойлау жүйесiн қалыптастыру.
Міндет
- Пәннің міндеттері: - Физикалық құбылыстар, ұғымдар, заңдар, теориялар, әдiстер, тәжiрибелiк фактiлер жайлы бiлiмдi қалыптастыру; - Қазіргі замандағы ғылымның даму дәрежесіне сай әлемнiң ғылыми бейнесiн беретiн көзқарастарды қалыптастыру; - Өнеркәсіп техникасы және технологиясында физика заңдарын қолдану арқылы ғылыми техникалық өрлеудің негізгі бағыттарымен танысу; - Физиканың әртүрлi саласы бойынша нақты есептердi немесе мәселелердi шешу әдiстерi мен тәсiлдерiн меңгеру;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Студенттердің негізгі физикалық құбылыстар мен классикалық және қазіргі заманғы физика заңдарын, физикалық зерттеу әдістерін меңгеру
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Студенттерді өлшеу аппаратурасымен таныстыру, эксперименталды зерттеулер жүргізу, эксперимент нәтижелерін өңдеу және оларды талдау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Студенттердің ғылыми ойлауын және диалектикалық дүниетанымын, әртүрлі физикалық ұғымдардың, заңдардың, теориялардың қолданылу шекарасын дұрыс түсінуін және зерттеудің эксперименталды немесе математикалық әдістерінің көмегімен алынған нәтижелердің нақтылық дәрежесін бағалай білуін қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- меңгеру; кәсіби қызметте базалық білімді қолдана білу; практикалық жұмыстың теориялары мен дағдыларын меңгеру; алынған нәтижелерді талдау, қажетті қорытынды жасау және ұсыныстарды тұжырымдау; зерттеулерде алынған нәтижелерді есеп түрінде ұсыну
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін, өзіндік танымдық іс-әрекет дағдыларын дамыту, компьютерді қолдана отырып физикалық жағдайларды моделдеу