Автоматтандырудың техникалық құралдары

Құсайын-Мұрат Әсел Түгелбайқызы

Оқытушының портфолиосы

Кадыролдина Альбина Талапжановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Бұл пән техникалық объектілер мен технологиялық үдерістерді автоматтандыру және басқару жүйелерінің техникалық құралдарын зерттейді. Курста кернеу түрлендіргіштері, тұрақты және айнымалы токтың автоматтандырылған электр жетектері, бақылау-өлшеу құралдары, атқарушы құрылғылар, өлшеу және басқару ақпаратының қабылдау, түрлендіру және беру құралдары, ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғылары, өндірістік ақпараттық желілер, бағдарламалық қамтамасыз ету және технологиялық процестерді бейнелеу құрылғылары қарастырылады. Пәннің мақсаты – студенттердің өндірістік басқару жүйелерінде автоматтандыру құралдарын дұрыс таңдау және қолдану бойынша жүйелі түсінігін және практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Автоматика құрылғылары

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • технологиялық процестерді автоматтандыру жүйелерінің техникалық базасын (реттеуіштерді, атқарушы тетіктерді, реттеуші органдарды және т.б.) автоматтандырудың функционалдық схемаларында олардың шартты белгілерін зерделеу және қазіргі заманғы \кәсіпорындарда қолдану.
Міндет
  • 1. Автоматтандыру жүйесін әзірлеу кезінде пайдаланылатын техникалық құралдардың әрекет ету принциптерін, техникалық сипаттамаларын және қолданылу салаларын зерделеу
  • 2. Білім алушыларда қажетті техникалық құралдарды таңдау және таңдалған аспаптар мен құрылғыларға тапсырыстық спецификацияларды құру біліктерін қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Кешенді инженерлік қызметтегі және аспаптар жасаудағы жаратылыстану-ғылыми пәнінің негізгі заңының білімі, математикалық талдаудың және модельдеудің әдістері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Бағдарламалық және аппараттық құралдар негізіндегі ақпаратты сақтау және көрсету құралдарын жасауды орындау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жобалық шешімдердің алдын-ала техникалық экономикалық негізін өткізу, өндірістік учаскелерді жасау және пайдаланудың прогрессивті амалдарын қолдану.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Микропроцессордың негізгі түрлерін таңдауды, жобалаудың негізгі кезеңдері мен ерекшеліктерін, әртүрлі қолдануларға арналған жалпылай барлық микропроцессордық жүйелерді жүзеге асыру, элементтер параметрлерінің мәндерін таңдаумен байланысты есептеулерді орындау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Жаңа енгізулерді меңгеру қабілеті.