С++ тілінде микроконтроллерлерді бағдарламалау
Сипаттама: Пән С++ тіліндегі құрылымдық және модульдік бағдарламалау негіздерін, ATmega микроконтроллерлеріне арналған бағдарлама құрылымын, бағдарламалық өнімдерді әзірлеудің заманауи интеграцияланған орталарын және Arduino-үйлесімді тақталарға бағдарламаларды құруға және жүктеуге арналған Arduino IDE орталарын зерттеуге арналған.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Математика 1
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | |
| Зертханалық жұмыстар | 30 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- микропроцессорлық контроллерлер негізінде автоматтандырылған басқару жүйелерінің электрондық құрылғыларынан С++ тілінде бағдарламалау саласында теориялық білім мен тәжрибелік дағдыларды қалыптастыру.
Міндет
- - бағдарламалау тілдерін, бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау технологияларын зерттеу;
- - С++ тілінде құрылымдық және модульдік бағдарламалау негіздерін меңгеру;
- - бағдарламалық өнімдерді әзірлеудің заманауи интеграцияланған орталарын игеру;
- - ATmega микроконтроллерлерінің бағдарламалық қамтамасыз етуін әзірлеу дағдыларын игеру;
- - микроконтроллерлік тақталар негізінде орындалған автоматтандыру жүйелерінің электрондық құрылғыларын бағдарламалық басқару дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- микропроцессорлық контроллерлер негізінде бағдарламалық қамтамасыз етуді электрондық құрылғылар мен аспаптарды автоматтандыру жүйелерін жасау кезінде әзірлеу мен имитациялаудың аспаптық және отладтау құралдарын таңдау;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- басқару жүйелерінің микропроцессорлық контроллерлерінің бағдарламалық қамтамасыз етуін әзірлеу кезінде С языке тілінде құрылымдық және модульдік бағдарламалау технологияларын қолдану;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- әртүрлі өндіріс объектілерін автоматтандырылған басқару жүйелерінің бағдарламалық кешендерін әзірлеу және енгізу процесін ұйымдастыру;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- мамандарға да, маман еместерге де автоматтандыру жүйелерінде микропроцессорлық кешендерді әзірлеу және пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру саласында ұсынылатын жобалық шешім;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- автоматтандырылған басқару жүйелерінің бағдарламалық жасақтамасын әзірлеу және пайдалану үшін С++ бағдарламалау тілін меңгеру.