Сандық құрылғылар
Сипаттама: Бұл пән бағдарламаланатын логикалық интегралдық схемалар (ПЛИС) негізінде комбинациялық және тізбектелген цифрлық құрылғыларды жобалау мен іске асыру әдістерін зерттейді. Шифраторлар мен мультиплексорлардан бастап соңғы автоматтар, сүзгілер және сигнал генераторларына дейінгі құрылғылар қарастырылады. Сондай-ақ, бекітілген және жылжымалы үтірлі арифметика, цифрлық құрылғылардың модельдеуі, сигналдардың бәсекелестігі мен метастабильдігі қарастырылады. Пәннің мақсаты – студенттерге VHDL бағдарламалау тілін меңгертіп, заманауи цифрлық логикалық схемаларды құрастыру және оларды ПЛИС негізінде іске асыру дағдыларын қалыптастыру.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Электроника
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Улкен және орташа интеграция дәрежесі бар интегралдық сұлба негізінде, технологиялық қондырғыларды басқару мен бақылау, сандық электронды түйіндерді құру әдістері мен мүмкіндіктерін қарастыру.
Міндет
- Технологиялық қондырғылармен автоматты басқару жүйелері мен элементтердің құрау аумағында іс-тәжірибелік және зерттеу жұмыстарына мамандарды дайындау.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Сандық интегралды элементтердің атқару принциптері, тізбектелуі, маркировкасы, принципиалды-электрлік сызбадағы шартты белгілері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Интегралды жасауда оқытылатын функционалды түйіндердің құрылымы.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Микропроцессорлық және интегралдық техникамен жұмыс жасау, техникалық әдебиетпен қолдану.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Студент білу қажет: сандық микросхемалар негізінде құралған, оқытылатын қондырғылардың жұмыс жасау принциптерін, сандық автоматтар мен комбинациялық сұлбаларды синтездеу және есептеу әдістерін.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Өлшеу аспаптардың түйіндерін және микропроцессорлық және интегралды техника негізінде автоматты бақылау мен технология қондырғыларын басқару жүйелерін жобалау дағдылары.