Психология

Самадиева Мейрамгуль Оралтаевна

Оқытушының портфолиосы

Баталова Жанна Владимировна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Психология саласындағы білім жеке тұлғаның дамуына қоғам мен мәдениеттің әсері, адам мінез-құлқының қалыптасуы туралы терең түсінік береді, олардың адам өміріне әсерін кеңірек түсінуге ықпал етеді. Адам іс-әрекетінің әр түрлі аспектілерін зерттей отырып, студенттер әр түрлі жағдайларда адамдарды бағалай алады және олардың басқалармен қарым-қатынасын қалай жақсарту керектігін білетін болады. Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеттері. Тұлға белсенділігі және оның қалыптасуы. Адамның мінез-құлқын басқарудағы эмоциялардың орны. Тұлғааралық таным мен тұлғааралық қатынастардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері. Көшбасшылық және басшылық. Психологиялық қақтығыстардың ерекшеліктері және оларды ұжымда шешу жолдары.

Кредиттер саны: 2

Пререквизиты:

  • Адам. Қоғам. Құқық. Мектеп курсы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 15
СӨЖ 15
Қорытынды бақылау нысаны диф.сынақ
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Міндетті компонент

Цикл: Жалпы білімдік пәндер

Мақсат
  • Жалпы психология курсын меңгеру негізінде студенттердің психологиялық ойлауын дамыту, семинарларда психологиялық құбылыстардың дағдылары мен жүйелерін талдауды қалыптастыру.
Міндет
  • студенттердің ғылыми ой-өрісін кеңейту үшін, олардың теориялық дайындықтарын арттыру; субъектінің іс-әрекеті, танымы және қарым-қатынасы ретінде адамды психологиялық тұрғыдан талдау; негізгі психологиялық ұғымдар, олардың анықтамаларымен таныстыру және олардың мазмұны мен мәнін түсіну; шығармашылық, стандартты емес ойлауды қалыптастыру; психологиялық ойдың классикалық үлгілерімен танысу; индивидтердің әлеуметтік мінез-құлқының әмбебап үлгілерін теориялық негіздеуге ықпал ету: адамдар арасындағы қарым-қатынастың түрлері мен формалары; болашақ практикалық іс-әрекетінде психологиялық білімдерді қолдану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Жоғарғы мектеп психологиясының пәнін, мақсатын және міндеттерін білу; - жоғарғы мектеп психологиясының қалыптасу және даму тарихын білу; - қазіргі кездегі жоғарғы мектеп психологиясының өзекті мәселелерін, дамуындағы бағыттарын және концепцияларын білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Болашақ кәсіби іс- әрекет үшін қажетті компетенттіліктерді дамыту; - оқу процесіндегі оқытушы мен студенттердің тиімді әлеуметтік-психологиялық өзара әрекеттестіктерінің және қарым-қатынастарының тәсілдерімен таныстыру; - кәсіби қарым – қатынас дағдыларын дамыту; - оқытудың инновациялық технологияларын қолдана отырып, сабақ өткізуге (дәрістер, семинарлар) психологиялық дайындау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Кәсіби қарым – қатынас дағдыларын дамыту, өз пікірін айта алу, өз пікірін қорғай алу және қарым-қатынастағы адамды түсінуге тырысу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Болашақ кәсіби қызметі үшін қажетті құзіреттіліктерді дамыту; - Оқу процесіндегі оқытушы мен студенттердің тиімді әлеуметтік-психологиялық өзара әрекеттестіктері және қарым-қатынастары тәсілдерімен таныстыру; - Кәсіби қарым – қатынас дағдыларын дамыту.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Педагогикалық шеберліктің теориялық және практикалық негіздерін білу; - жоғарғы мектепте сабақ берудің қазіргі кездегі әдістері мен тәсілдерін тиімді пайдалана білу; - сабақтарды (дәрістерді, семинарларды), емтихандарды және сынақтарды дайындау мен өткізудің қажетті психологиялық-әдістемелік ресурстарын пайдалана білу; - студент тұлғасын және студенттік топты зерттеудің адекватты психодиагностикалық әдістерін қолдана білу; - кәсіптік қарым-қатынас дағдыларын дамыту.