Жүйелік бағдарламалау
Сипаттама: Пәнде көп ағындарды есептеулерді ұйымдастыру, бір компьютердегі бір үдерісте, сонымен қатар жергілікті желі компьютеріндегі әртүрлі үдерістердегі әр түрлі ағындардың жұмысын ұйымдастыру мен синхрондау мәселелері қарастырылған. Семафорлар, мьютекстер сияқты синхрондаудың әр түрлі құралдарының жұмысы егжей-тегжейлі қарастырылған.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | |
| Зертханалық жұмыстар | 30 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Күрделі логикалық құрылымы бар заманауи бағдарламаларды ең аз шығынмен алуға мүмкіндік беретін бағдарламаларды әзірлеу деңгейінде жүйелік бағдарламалаудың негізгі теориялық және практикалық аспектілерімен танысу.
Міндет
- ЭЕМ, жүйелер мен желілерді басқарудың құрамы мен принциптері туралы жүйеленген білім алу
- Операциялық жүйелердің құрамдас бөліктерінің мақсаты, операциялық жүйелердің әртүрлі элементтерінің жұмыс істеу принциптері және олардың өзара әрекеттесуі, жүйеде процестерді құру және дамыту туралы білімді жүйелеу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Жүйелік бағдарламалаудың негізгі тұжырымдамаларын, C # тілінің консольдік қосымшасының аспаптық бағдарламалық жасақтамасының теориялық негіздерін білу, олар жұмыс істейтін аппараттық және операциялық жүйе туралы білім алу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету мәселелерін қамтитын бағдарламаларды әзірлей білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Қолданбалы бағдарламаларды жетілдіру және дамыту мәселелері бойынша пікір қалыптастыра білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Ат аясында іскерлік және кәсіби ынтымақтастық аясында тұлғааралық және топтық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Қазіргі операциялық орталарда таратылған қосымшалар мен жүйелерді әзірлеу, жөндеу және құжаттау, қолданбалы бағдарламалау дағдыларын дамыту