Кәсіпорын экономикасы (салалар бойынша)
Сипаттама: Кәсіпорынның экономикасын білу (салалар бойынша) мамандардың құзыреттілігінің және олардың кәсіпорынның экономикалық даму бағыттарын анықтай алуының негізі болып табылады. Бәсекелестік нарықтық ортадағы кәсіпорындардың қызметі, шектеулі ресурстар жағдайында тиімді шешімдерді әзірлеу және қабылдау процестері зерттеледі. Студенттер негізгі және айналым капиталы, еңбек ресурстары, еңбекақы жүйесі, құн, қаржылық көрсеткіштер және инвестицияны бағалау туралы білім алады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Математика 2
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның экономикасын басқару саласында қолданбалы білім алу, сонымен қатар өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында теориялық білімдерін практикалық қызметте өз бетінше пайдалану дағдыларын алу.
Міндет
- Тиісті саладағы кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында резервтерді анықтау әдістерін, шаруашылық мәселелерін шешудің оңтайлы жолдарын білу; кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің тиімділігін есептеудің көрсеткіштер жүйесі мен әдістерін қолдана білу, кәсіпорынның ресурстарын тиімді пайдалану және өндірісті дамытуға инвестицияны негіздей білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Кәсіпорынның өндірістік ресурстарын, өзіндік құнның қалыптасу процесін, өндірісті дамытуға инвестицияларды бағалаудың халықаралық көрсеткіштері жүйесін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру үшін оның ресурстарын ұтымды пайдалана білу, сонымен қатар инвестициялардың экономикалық тиімділігін есептеу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Кәсіпорынның өндірістік қызметінің экономикалық категориялары бойынша кәсіби білімі болуы.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Кәсіпорынның шаруашылық қызметі туралы ақпаратты қоғаммен байланыс үшін пайдалану, өндіріс құралдарын басқаруда сауатты болу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Арнайы білім беруді әдістемелік және ғылыми негізде жетілдіру, кәсіби қабілеттілік деңгейін жүйелі түрде арттыру.