Адам бол
Сипаттама: Пәннің мақсаты – Абай мұрасындағы өз-өзін дамыту, жетілдіру және өзін-өзі қамтамасыз ету идеяларын негізге ала отырып, тұтас әрі кемел тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі экономикалық-құқықтық және әлеуметтік-мәдени ортада негізделген шешімдер қабылдау тәсілдері қарастырылады. Сонымен қатар, инклюзивті білім беру қағидаттарына ерекше назар аударылып, білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, қолжетімді және тең білім беру ортасын құру жолдары қарастырылады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Мәдениеттану
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жобаны қорғау түріндегі емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Жалпы білімдік пәндер
Мақсат
- "Адам бол" курсының мақсаты Абай Құнанбаевтың "Адам бол"моральдық-адамгершілік тұжырымдамасы туралы білім алушылардың жан-жақты білімін қалыптастыру болып табылады.
Міндет
- Абай дәуіріндегі оқиғалар туралы білімді жүйелеу және оның дүниетанымын қалыптастыру; Абайдың мұрасын зерттеу негізінде студенттердің бойында зерттеу қабілеттерін дамыту және зияткерлік және шығармашылық әлеуетін қалыптастыру; Абайдың «Қара сөздер» еңбегі арқылы қазақстандық қоғамды шоғырландыру үшін идеялық және рухани негіз құру; Абайдың әлемдік және отандық тарих контекстіндегі ерекше және маңызды орны мен рөлін анықтайтын қағидаларды ашу; Абай дәуірі мен қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты жеке тұлғаның адамгершілік ұстанымын тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Абай дәуіріндегі құбылыстар мен оқиғаларды сыни талдау арқылы адамзат қоғамының дүниежүзілік-тарихи дамуының жалпы парадигмасымен байланыстыру
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Білімдер мен түсініктерді қолдану. Абай дәуіріндегі оқиғалар туралы білімді жүйелеу және оның дүниетанымын қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Абай шығармаларын сипаттау және талдау әдістерін меңгереді
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Абай тұлғасы мен ағартушысының қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы білімдерін көрсету
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- ХІХ - ХХ ғасырлар тоғысында және қазіргі кездегі қазақ мәдениетінің ерекшеліктері мен маңыздылығын талдау