Операциялық жүйелер, орта және қабықтар

Мұратұлы Дидар

Оқытушының портфолиосы

Котлярова Ирина Александровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән көп тапсырмалы ОЖ (Windows, Linux, Android Automotive) жұмыс істеу принциптері мен архитектурасын, негізгі командалар мен интерфейстер жиынтығын, орталар мен қабықшаларды қарастырады. Операциялық жүйелерді орнату, конфигурациялау және сүйемелдеу, дербес компьютер ресурстарын және пайдаланушылардың есептік жазбаларын басқару, ресурстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті білім мен іскерлікті қамтамасыз етеді.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Информатика. Мектеп курсы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Заманауи операциялық жүйелердің архитектурасын білетін және өз білімін бағдарламалық және техникалық құралдарды орнатуға және сүйемелдеуге, сонымен қатар жүйелік деңгейде жұмыс істеуге қабілетті мамандарды даярлау.
Міндет
  • желілік операциялық жүйелерде, мысалы, Windows 7/8, Linux операциялық жүйелерінде жұмыс жасаудың архитектурасы мен жұмыс принциптерімен танысу;
  • заманауи операциялық жүйелердің құрылымын және негізгі ішкі жүйелердің жұмыс істеу принциптерін зерттеу;
  • графикалық интерфейс пен командалық қабықшалардың көмегімен ОЖ-ны әкімшілік ету және күйге келтіру дағдыларын игеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Windows 7/8, Linux операциялық жүйелерінің архитектурасы, негізгі командалары мен интерфейсі туралы білімдерін көрсету;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Windows және Linux операциялық жүйелерін орнату, олардың компоненттерін баптау және күйге келтіру;
  • жүйелік және қолданбалы бағдарламалық жасақтаманың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін утилиталар мен қызметтік бағдарламаларды мақсатты түрде пайдалану;
  • бағдарламалық қабықшалардың командалық тілдерінің негізінде ЭЕМ диалог ұйымдастыру;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • операциялық жүйелердің тұрғызылуы мен құрылымы туралы пікірлер қалыптастыру;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • командада жұмыс істеу, өз көзқарасыңызды қорғау, ОЖ басқару мен қызмет көрсетудің жаңа шешімдерін ұсыну;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • қажетті ақпаратты жинау, жүйелеу және қорытындылау алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу.