Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау

Жомартқызы Гүльназ

Оқытушының портфолиосы

Емельянова Мария Геннадьевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пәннің курсы әртүрлі типтегі тапсырмаларды Visual Studio бағдарламасында .NET консольдік қосымшасында алгоритмдеу, бағдарламалау мәселелерін қарастырады. Алгоритмдерді құру негіздері, C # программалау тілінің негіздері, сонымен қатар құрылымдар мен мәліметтерді өңдеу алгоритмдері оқытылады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Информатика. Мектеп курсы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқытудың мақсаты әртүрлі қолданбалы есептерді шешу кезінде консольдық қосымшада C# тілінде алгоритмдеу және бағдарламалау негіздерін білетін мамандарды дайындау тұрғысынан модульдік білім беру бағдарламасының мақсаттарымен сәйкес келеді.
Міндет
  • есептеу процестерін алгоритмдеудің заманауи негіздерін және Visual Studio ортасында .NET консольдік қосымшасында C# тілінде бағдарламалау негіздерін оқу;
  • болашақ мамандарға алгоритмдеу және бағдарламалау саласындағы құзыреттіліктерді қалыптастыру;
  • Visual Studio мысалында негізінде білім алушылардың заманауи құралдарды пайдалану дағдыларын дамыту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • әртүрлі есептерді шешу алгоритмдерін құру, C# тілінде бағдарламалау білімін көрсету.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Visual Studio ортасында консольдік қосымшаларды әзірлеу үшін білімді пайдалану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • тапсырмаларды өз бетінше шешу, нәтижелерді талдау, қорытынды жасау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • топта жұмыс істеуге қажетті коммуникативтік дағдыларды дамыту.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • кәсіптік қызметте қажетті жаңа білімді игеру, бағдарламалау саласында жетілдіру мүмкіндіктері