Ақпараттық жүйелерде деректер базасы

Сулейменова Лаура Рахметоллановна

Оқытушының портфолиосы

Рохас Криулько Наталья Педровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Білім базалары мен банктерін жобалаудың кезеңдерін, құралдары мен әдістерін зерттеу. Қазіргі деректер модельдерін зерттеу және деректер базасы мен банктерін жүргізудің қазіргі құралдарының салыстырмалы сипаттамаларын талдау. Пайдаланушы қосымшаларын әзірлеу кезінде деректерді сипаттау және манипуляциялау тілдерін қолдану, деректерді графикалық бейнелеу, сонымен қатар деректерді бір платформада біріктіру үшін автоматтандыру құралдарын қолдану.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттер үшін мәліметтер базасын құруда және оларды пайдалануда жүйелі көзқарас қалыптастыру, қазіргі заманғы IT технологияларды қолданатын ұйымдардың ақпараттық жүйелерін ақпараттық қолдауды құру процесінде тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру
Міндет
  • Қазақстан Республикасының ақпараттандыру бағдарламасымен, басқару объектілеріне арналған ақпараттық-есептеу қызметтерінің қазіргі жай-күйімен, бизнес қажеттіліктеріне бағытталған проблемаларды шешуге арналған компьютерлік технологияларды енгізу перспективаларымен танысу;
  • мәліметтер базасы теориясы саласындағы негізгі білімдерді игеру;
  • студенттер нақты ДҚБЖ көмегімен мәліметтер базасын жобалау және жүргізу бойынша теориялық негіздер мен практикалық дағдыларға ие болады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • деректерді ұсынудың негізгі модельдерін және оларды өңдеу әдістерін, мәліметтер базасы түрінде құрылымдалған деректерді жобалаудың кезеңдері, құралдары мен әдістерін түсіну;
  • қолданыстағы логикалық модельдерді ажырата білу;
  • деректерді сипаттауға және өңдеуге арналған қазіргі өңдеу құралдарының, тілдердің салыстырмалы сипаттамаларын көрсету.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • ақпараттық қажеттіліктерді анықтау және тақырыптық аймақтың ресми сипаттамасын көрсету үшін қолданыстағы құжат айналымы мен ақпарат ағымына сәйкес пәндік аймақ талдау;
  • қосымшалар құру үшін ДҚБЖ тілдік құралдарын қолдану;
  • объектіге бағдарланған және визуалды бағдарламалаудың заманауи құралдарымен дербес деректер базасына арналған пайдаланушы интерфейсін жобалау;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Деректер базасын жобалау мен ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бойынша кәсіби тұжырымдарды қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Деректер базасын құру және IT-жобаларын іске асыру бойынша топта жұмыс істеу қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Ғылыми-техникалық ақпараттарды жүйелі жинауды, Интернеттегі отандық және шетелдік тәжірибені, ғылыми және мерзімді әдебиеттерді талдау, кәсіпорындар мен ұйымдардың IT-инфрақұрылымының даму бағыттарын анықтау.