Ақпараттық жүйелердің негіздері

Тлебалдинова Айжан Солтангалиевна

Оқытушының портфолиосы

Котлярова Ирина Александровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән жүйелер теориясының негіздері мен жүйелік талдаудың негізгі ұғымдарын, жүйелердің модельдері мен жіктелуін, ақпараттық жүйелердің құрамы мен жалпы құрылымын, ақпаратпен байланысты негізгі ұғымдарды, ақпаратты жіберу және өңдеу жүйелеріндегі кодтау әдістерін қарастырады. Ақпараттық үдерістерді моделдеудің объектілік, құрылымдық, үдерістік тәсілдерімен, бизнес-талдаудың және ақпараттық процестерді реинжинирингтеудің негізгі тұжырымдамаларымен таныстырады

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Ақпараттық жүйелер модельдерін, ақпараттық үдерістерді ұйымдастыруды, жүйелерде ақпаратты жіберудің негіздерін білетін және ақпараттық жүйелерді зерттеумен, өңдеумен және сүйемелдеумен байланысты мәселелерді шешуде білімдерін қолдана алатын мамандарды даярлау.
Міндет
  • ақпараттық жүйелердің құрамы мен жалпы құрылымымен таныстыру
  • ақпараттық үдерістің құрылымы, ақпаратты жіберу жүйелеріндегі кодтау әдістері туралы түсініктер қалыптастыру
  • ақпарат үдерістің моделін тұрғызу және ақпаратты оңтайлы жинау, сақтау, жіберу және өңдеуді ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін білім мен дағдыларды алу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • ақпараттық жүйелердің құрамы мен құрылымы, ақпарат теориясы мен кодтаудың негізгі түсініктері туралы білімдерін көрсету
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • ақпараттық жүйелерді әзірлеу мен жобалауда жүйелік зерттеудің заманауи әдістерін қолдану
  • ақпараттық үдерістің моделін тұрғызу
  • ақпаратты оңтайлы жинау, сақтау, жіберу және өңдеу тапсырмаларын шешу
  • жүйелерді жобалау кезінде объектіге бағытталған модельдеу әдістемесін және UML метамодельдерін қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • ақпараттық жүйелердің құрамы, құрылымы, негізгі компоненттері бойынша пайымдаулар қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • командада жұмыс жасау, өз көзқарасын қорғау, ақпараттық жүйелерді әзірлеуде жаңа шешімдер ұсыну
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • қажетті ақпаратты жинау, оны жүйелеу және жалпылау, алған білімдерін ақпараттық үдерістер мен жүйелерді сипаттау кезінде пайдалану