Python бағдарламалау тіліне кіріспе

Нурсадыкова Роза Канашевна

Оқытушының портфолиосы

Котлярова Ирина Александровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Python бағдарламалау тілінің курсы негізгі ұғымдарымен және ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік береді. Тілдің негізгі конструкциялары, кірістірілген функциялары, модульдер мен пакеттерді құру, функционалды бағдарламалау құралдары, деректермен жұмыс істеуге арналған Python-ның негізгі кітапханалары қарастырылады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Информатика. Мектеп курсы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәнді меңгерудің мақсаты – студенттердің логикалық ойлауын және қолданбалы есептерді шешудің есептеу процестерін және бағдарламалауды алгоритмдеудегі практикалық дағдыларын дамыту.
Міндет
  • Python тілінде бағдарламалаудың негізгі алгоритмдік құрылымдарын және негіздерін үйрену;
  • қолданбалы есептер шеңберінде сандық және символдық ақпаратты өңдеу есептерін шешуге мүмкіндік беретін практикалық дағдыларды меңгеру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Python тілінің алгоритмдеу және аспаптық бағдарламалық қамтамасыз етудің теориялық негіздері туралы білімдерін көрсету;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Python тілінде бағдарламаларды өңдеу және жөндеуді жүзеге асыру
  • есептеу процестерінің сызықтық, тармақталған және циклдік алгоритмдерін қолдана отырып, әртүрлі есептер алгоритмдерінің құрылымдық схемаларын құру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • өз пікірін дәлелді түрде жеткізе білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • командада жұмыс істеу үшін қажетті коммуникативті қабілеттерді дамыту
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • қажетті ақпаратты жинауды жүзеге асыру, жүйелеу және жалпылау, алған білімдерін әр түрлі есептердің алгоритмдерін жасау үшін тәжірибеде қолдана алу