Деректерді талдаудың статистикалық әдістері
Сипаттама: Оқытылады: іріктеу әдісі, статистикалық қатарлар және олардың графикалық бейнеленуі, статистикалық сипаттамалар, таңдамалы мәліметтер негізінде шешім қабылдау әдістері, сонымен қатар дисперсияны талдау, корреляциялық талдау, регрессиялық талдау.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Математика 2
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | |
| Зертханалық жұмыстар | 30 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- студенттерді мәліметтерді талдаудың негізгі статистикалық әдістерімен таныстыру, сонымен қатар зерттеулер мен деректерді талдаудың практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Міндет
- мәліметтерді талдаудың негізгі статистикалық әдістерін зерттеу;
- деректерді талдаудың және нәтижелерді интерпретациялаудың практикалық әдістерін меңгеру;
- статистикалық деректерді талдау үшін бағдарламалық құралдарды (Microsoft Excel) пайдалану дағдыларын дамыту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- деректерді талдаудың әр түрлі статистикалық әдістерін білетінін көрсету, жүргізілген зерттеулер барысында алынған нәтижелерді түсіндіру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- практикалық тапсырмаларды шешу үшін білімін пайдалану, зерттеу жүргізу, деректерді талдау үшін қолданбалы бағдарламаларды қолдану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- қойылған міндеттерді өз бетінше шешу, талдау, қорытынды жасау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- топтық жұмыс істеуге қажетті коммуникациялық қабілеттерді дамыту.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- кәсіби қызметте қажетті жаңа білімді игере алады және деректерді талдау саласында жетілдіре алады.