Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологиялар

Кумаргажанова Сауле Кумаргажановна

Оқытушының портфолиосы

Котлярова Ирина Александровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі ұғымдары мен қауіптерін, вирустардан қорғау және анықтау құралдарын, деректерді криптографиялық түрлендіру және сандық қолтаңбаларды, пайдаланушыларды сәйкестендіру және аутентификациялау технологияларын, шабуылдарды анықтау технологиясын, операциялық жүйелердің қауіпсіздік технологияларын, BitLocker дискілерін шифрлауды қарастырады. Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заманауи технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастырады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Бағдарламалау технологиясы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету технологиялары саласында білімі бар және деректерді өңдеу жүйелерінде ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз білімін қолдануға қабілетті мамандарды даярлау
Міндет
  • ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі ұғымдарымен және мәселелерімен, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі технологияларымен танысу
  • қорғаныс жүйелерін құру принциптері туралы, ақпараттық қауіпсіздіктің заманауи әдістері мен құралдары туралы түсінік қалыптастыру
  • қазіргі заманғы операциялық және ақпараттық жүйелерде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жеткілікті білім мен дағдыларды игеру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету негізгі технологиялары туралы білімдерін көрсету
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • парольдік сәйкестендіруді пайдаланатын және рұқсат етілмеген пайдаланушының кіруін шектейтін есептеу ресурстарын қорғау құралдарын; желіаралық экрандардың көмегімен кіруді бақылау құралдарын; шифрлау және аутентификациялауға арналған криптографиялық қорғау құралдарын практикада қолдану;
  • деректер мен ресурстарды қорғау үшін операциялық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету технологияларын пайдалану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету технологияларын қолдану мәселелері бойынша пікір қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • командада жұмыс істеу, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заманауи технологияларды қолдану
  • операциялық және ақпараттық жүйелерде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа шешімдерін ұсыну
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • қажетті ақпаратты жинауды жүзеге асыру, оны жүйелеу және жалпылау, алған білімдерін іс жүзінде пайдалану.
  • ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында кәсіби және жеке дамуға, біліктілікті арттыруға ықпал ететін оқыту дағдыларын дамыту