W3C технологияларға кіріспе
Сипаттама: Негізгі W3C стандарттарын зерделеу және оларды тәжірибеде енгізу. Заманауи технологиялар мен құралдарды пайдалана отырып, веб-сайтты жобалау және графикалық контентті дағдыларын меңгеру. Бұл курс студенттерді веб-әзірлеу әлемімен таныстырады, веб-беттерді құрылымдау үшін HTML негіздерін, стильдеу үшін CSS және интерактивті қосу үшін JS негіздерін үйретеді. Бұл курсты аяқтағаннан кейін студенттер негізгі функционалдығы бар қарапайым веб-беттерді жасай алады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | |
| Зертханалық жұмыстар | 30 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- студенттердің веб-бағытталған ақпараттық жүйелерді жасау үшін қолданылатын қазіргі WEB технологиялармен, әдістермен және аспаптық құралдармен теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру
Міндет
- базалық концепциялармен және web-бағдарламалау тәсілдерімен танысу
- web-ресурстарды құру үшін қазіргі заманғы бағдарламалау тілдерін қолдану дағдыларын меңгеру
- зерттелген технологияларды пайдалана отырып, web-сервистерді, сайттарды, порталдарды құру кезінде дербестікті дамыту
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- ғаламдық Интернет желісінің қызмет ету принциптерін түсіну
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- web-бағытталған қосымшаларды жасау кезінде W3C қазіргі заманғы технологияларын қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- әлеуметтік, кәсіби және этикалық ұстанымдарды ескере отырып, өзінің кәсіби қызметінің мәні мен салдары туралы пайымдауларды қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- өзінің кәсіби қызметінде іскерлік өзара іс-қимыл үшін тұлғааралық және топтық қарым-қатынас дағдыларын дамыту
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Ақпараттық технологиялар саласында кәсіби және жеке дамуына, біліктілігін арттыруға ықпал ететін оқыту дағдыларын дамыту