Экономикалық ақпараттық жүйелер

Сулейменова Лаура Рахметоллановна

Оқытушының портфолиосы

Котлярова Ирина Александровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән 1С:Предприятие платформасында есептік және бухгалтерлік есептерді шешуге арналған экономикалық ақпараттық жүйелерді жасау және сүйемелдеу, 1С:Предприятие платформасында деректерді талдау механизмдері мәселелерін қарастырады. Студенттер экономикалық ақпараттық жүйелерге қатысты деректерді талдаудың теориясын, әдістері мен технологияларын меңгереді.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Ақпараттық жүйелерде деректер базасы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • әнді оқытудың мақсаты экономикалық ақпараттық жүйелерді әзірлеудің негізгі қағидаларын меңгерген, сонымен қатар кіріктірілген тілде бағдарламалауды,1С: Предприятие 8.3 жүйесінде бар мүмкіндіктерді қолдана отырып ақпараттық жүйелерді құруда жеткілікті тәжірибені жинақтаған мамандарды даярлау болып табылады
Міндет
  • 1С: Предприятие 8.3» жүйесінде «Такси» интерфейсімен басқарылатын қосымша режимде есептеу тапсырмаларын шешуге арналған конфигурация объектілерін зерттеу
  • «1С: Предприятие 8.3» жүйесінде «Такси» интерфейсімен басқарылатын қосымша режимде бухгалтерлік есеп тапсырмаларын шешуге арналған конфигурация объектілерін зерттеу
  • «1С: Предприятие 8.3» деректерді талдау механизмдерімен жұмыс істеу дағдысын алу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • «1С: Предприятие 8.3» бағдарламасында ақпараттық жүйелерді құрудың негізгі мүмкіндіктері туралы білімдерін көрсету
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • 1С: Предприятие 8.3» кіріктірілген тілінде бағдарламалау
  • «1С: Предприятие 8.3» қолданбалы шешім конфигурациясын құру кезінде ақпараттық база объектілерінің прототиптерін дұрыс таңдау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • деректерді өңдеу үшін ЭАЖ қолдану сұрақтары бойынша пайымдаулар қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • командада жұмыс жасау, өз көзқарасын қорғау, ақпараттық технологияларды қолдану бойынша жаңа шешімдер ұсыну
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • қажетті ақпаратты жинау, оны жүйелеу және жалпылау, алған білімдерін практикада қолдану