Инженерлік геология
Сипаттама: Пәннің мақсаты: топырақ пен тау жыныстарының қасиеттерін зерттеу, сондай-ақ инженерлік құрылыстарды жобалау, салу және пайдалану кезіндегі геологиялық процестерді болжау және есепке алу. Пән келесі мәліметтерді мазмұндайды: тау жыныстардың механикалық және су-физикалық қасиеттері, жер асты сулардың химиялық қалыптасудың шарттары, табиғи жағдайлардағы жер асты сулардың ағуын анықтайтын есептеу негіздері, және де тау жыныстарды бағалау инженерлік-геологиялық негіздері Нәтижелер: инженерлік геологияның негізгі түсініктері мен міндеттері.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Инженерлік білім беруге кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Инженерлік геология пәні бойынша негізгі теориялық білімдерді салу. Студенттерді қазіргі инженерлік геология теориялық аспектілерімен, инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық ерекшеліктерін белгілеу мәселелермен таныстыру.
Міндет
- Студенттермен маңызды қолданбалы геологиялық ғылымдар туралы білім алу: инженерлік геология және гидрогеологиядан – литосфераның жоғары бөлігі құрылыстармен байланысты. Тау жыныстардың физика–механикалық және су–физикалық қасиеттерін зерттеу. Құрылыс жұмыстар кезіндегі инженерлік –геологиялық зерттеулерді оқу. Жер асты сулардың ағу заңдылықтарын, қалыптасуын, жатыс шарттарын және пайда болуын зерттеу. Жер асты сулармен күресу және зиян инженерлік –геологиялық құбылыстармен танысу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Топырақтардың физика-техникалық қасиеттерінің қалыптасуы, топырақтардың физика-техникалық қасиеттерінің көрсеткіштері, грануллометриялық құрам, топырақтардың физикалық қасиеттері, сумен әрекеттескенде топырақты және құмды топырақтардың куйі, топырақтардың инженерлік мелиорациясы, топырақтарды зерттеу зертханалық әдістері, мору факторлармен байланысты, жер бетіндегі және астындағы сулармен байланысты эолдық процесстер.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Инженерлік–геологиялық зерттеулерді өткізе білу; сынамаларды алу және топырақтарды зертханада зерттеу; инженерлік құрылыстарға әсер ететін геологиялық процесстер және олардың құрылыс орнын анықтау; инженерлік –геологиялық карталарды талаптарға сәйкес сызу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Берілген нженерлік –геологиялық тапсырыстарды шешу үшін технологияларды, құрал жабдықтарды таңдай білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Ұжымда сапалық жұмыс істеу; өзі және жұмысшылардың жұмыс уақытын жоспарлай білу; және де моральді қалыптарды сақтай білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Қажетті мәліметті жинау және жуйелей білу.