Жеке және ұжымдық қорғану құралдары
Сипаттама: Пән студенттерге жеке және топтық қорғау құралдарын тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыруға, олардың жіктелуі мен қолдану ерекшеліктерін кәсіби аурулар мен жарақаттардың қауіпін азайту мақсатында зерттеуге бағытталған. Курста қорғау құралдарын қолдануда конструктивтік, эргономикалық және техникалық шешімдерді енгізу әдістері мен тәсілдері қарастырылады. Пәнді игеру нәтижесінде студенттер еңбек қауіпсіздігін арттыруға ықпал ететін қорғау құралдарын дұрыс таңдау және қолдану дағдыларын меңгереді.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Электр қауіпсіздігі негіздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәнді оқытудың мақсаты - жұмыс істеушілерді жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз ету бойынша заңнамалық және нормативтік базаны білетін, сонымен қатар еңбек жағдайларын жақсартуға, жұмысшылардың жоғары еңбек өнімділігін бір уақытта қамтамасыз ете отырып, өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталған инженерлік шешімдер қабылдауды меңгерген маман дайындау.
Міндет
- - жұмыс істеушілерді ЖҚҚ қамтамасыз ету бойынша дұрыс шешімдер қабылдау; - негізгі ЖҚҚ тізімін және олардың сипаттамаларын зерттеу; - ЖҚҚ-ны есепке алу, сақтау және беру жөніндегі ғылыми-техникалық құжаттаманы жүргізу; - жұмыс істеушілерге ЖҚҚ әсерін бағалау; - өндірістегі жазатайым жағдайдың, өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың себептерін жою бойынша инженерлік, техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылық және санитарлық-гигиеналық іс-шараларды әзірлеуді үйрету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Қазіргі кездегі жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету саласындағы білімді жетілдіру және өндіріс орындарда қауіпті және зиянды факторларды адам ағзасына әсер етуіне қарсы қауіпсіздік шараларымен таныстыру. Болашақ маманды үйрету: жұмысшыларды жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен жабдықтауда дұрыс шешім қабылдау; жеке және ұжымдық қорғау құралдарын сақтау және таратып беру бойынша ғылыми – техникалық құжаттардың есебін жүргізу; жеке және ұжымдық қорғау құралдарының негізгі талаптарымен және олардың мінездемесімен танысу; жеке басты қорғау құралдарының жұмысшыларға әсерін бағалау
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Жеке және ұжымдық қорғану құралдарының мәселелерін шешуге кәсіби көзқарасты көрсететін өз білімі мен түсінігін қолдану; дәлелді әдістер мен құралдарды ұсыну және қорғау, сондай-ақ өндірістік жарақаттануды, кәсіби ауруларды болдырмау немесе төмендету, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын сауатты қолдану міндеттерін шешу білімінде көрінетін құзыреттілікті меңгеру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Жеке және ұжымдық қорғану құралдары саласындағы қажетті деректерді жинау және түсіндіру, өндірістік жарақаттану, кәсіби аурулар және ЖҚҚ мәселелерін шешуге байланысты тиісті ғылыми, техникалық мәселелер бойынша пікірлерді қамтитын көзқарастарды қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын қолдану арқылы өндірістік жарақаттанушылықтан, кәсіби аурулардан жағымсыз салдарларды азайту мақсатында мамандар мен маман емес мамандардан тұратын аудиторияның оқылатын пән мәселелері бойынша ақпаратты, идеяларды, мәселелерді және шешімдерді беру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Жоғары дербестік дәрежесімен оқылатын "Жеке және ұжымдық қорғау құралдары" пәні бойынша одан әрі оқытуды жүзеге асыру үшін қажетті дағдылар әзірленді