Төтенше жағдайлар кезінде қоршаған ортаның сапасының мониторингі

Петрова Ольга Анатольевна

Оқытушының портфолиосы

Жаманбаева Манира Крыкбаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән төтенше жағдайлар (техногендік авариялар, табиғи апаттар, химиялық және радиациялық ластанулар) жағдайында қоршаған ортаның жай-күйін жедел бақылау және бағалау әдістерін зерделеуге бағытталған. Студенттер ластаушы заттарды (химиялық, биологиялық, радиациялық) экспресс-талдау технологияларын; әрекет етудің нормативтік хаттамаларын; ластанудың таралуын модельдеуді және экологиялық тәуекелдерді бағалауды меңгеруі тиіс. Пәнді игеру нәтижесінде студенттер төтенше жағдай аймақтарында мониторингті ұйымдастыра алады; экожүйелер мен халықтың денсаулығы үшін салдарын болжай алады; қоршаған ортаның салдарын жою және қалпына келтіру бойынша ұсыныстар әзірлей алады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Төтенше жағдайлардағы химиялық әсерлерден қорғану

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазбаша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Қоршаған орта мониторингі экологиялық қауіпсіздікті, табиғи ресурстарды сақтауды, молықтыруды және ұтымды пайдалануды, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында басқарушылық және шаруашылық шешімдердің қабылдануы үшін қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйін байқауды, сондай-ақ олардың нақты жай-күйі туралы деректерге талдау жасауды қамтитын көп мақсатты ақпараттық жүйені зерттеуді меңгеру.
Міндет
  • Табиғи-техникалық геожүйелердің даму заңдылықтарын талдауды мңгеру; -Табиғи ортаға антропогенді әсер берудің рұқсат ететін мөлшерлерін табуды біліп және машықтану дағдыларын қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • глобальді, аймақтық және локальді деңгейде мониторингтік іс-әрекеттерді жүзеге асыру ерекшеліктерін, аймақтық геоэкология мен табиғи-техникалық геожүйелердің кеңістіктік ұйымдастырылуын және адамның тұрақсызданған геожүйелерге бейімделу мүмкіндіктерін білуі керек
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • экологиялық жағдайларға, оның қауіпсіздігі мен зиянсыздығына қатыстыталдау жүргізе білуі және қолайсыз жағдайлар туралы ескертіп, оны жою үшін шаралар қабылдап, қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыруды қамтамасыз ете алуы қажет
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қоршаған орта жағдайын бақылау, бағалау және болжау, оны қорғау, табиғатты ұтымды пайдалану қоршаған ортаның қауіпсіздігіне байланысты әлеуметтік-экологиялық жүйелерінің проблемалары туралы көзқарасы болуы керек.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Өз қызметін кәсіби тұрғыда жүзеге асыруды, қоршаған орта жағдайын бағалау, болжау және бақылау саласында әдістер мен бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысуы керек
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • қоршаған орта мониторингінің негізгі әдістемелерін, яғни қоршаған орта күйінің экологиялық параметрлерінбағалаудың ақпараттық жүйесін қолдана білуі керек және қоршаған ортаға өсіп келе жатқан антропогендік әсер жағдайында табиғи-техникалық геожүйелердің күйін болжай алуы қажет