Инженерлік желілер мен жабдықтар
Сипаттама: Пән қаланың инженерелік жүйелері туралы жалпы мәлімет береді: су құбыры, лас суды әкету құбыры, жылу, газ желілері, төменгі және жоғарғы кернеулі тоқ сымдары, телекоммуникация. Сонымен қатар пән елді мекен мен өндіріс орнының инженерлік коммуникацияларын орнатып төсеу жайлы оқытады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Физика
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Пәнді оқытудың мақсаты-студенттердің қаланың инженерлік коммуникация жүйелерін есептеу және жобалау мәселелерінде кәсіби білімі мен дағдыларын қалыптастыру.
Міндет
- қалалардың тұрғын аудандарын сумен жабдықтау, кәріз, газбен жабдықтау, жылумен жабдықтау желілері мен жүйелерінің құрылысы туралы негізгі түсініктерді меңгеру; - студенттерді инженерлік желілер мен жабдықтарды, елді мекендерді сумен жабдықтау, кәріз, жылумен, газбен жабдықтау құрылыстарын есептеу мен жобалаудың теориялық негіздеріне үйрету; - жобаланатын объект үшін инженерлік жүйелерді дұрыс таңдау мен конструкциялауға, инженерлік жүйелердің құрылымдық элементтерін және олардың қажетті жабдықтарын есептеуге үйрету; - инженерлік; - қоршаған ортаны қорғауды ескере отырып, инженерлік жүйелерді жобалаудың озық жетістіктері мен жаңа технологияларын меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Елді мекендер мен қалалардың, өндіріс өнеркәсіп орындарының көркейіп өсіп өріс алуы олардың инженерлік қондырғылардың дұрыс жұмыс істеуімен тығыз байланыстылығы. Сондай-ақ осы пәндерден студенттер күрделі, тәжірибелік тапсырмаларды орындау арқылы өз білімдерін шыңдайды. Техникалық әдебиеттерді оқып, өз бетімен ізденіп тиянақты білім алуына, инженерлік шешімдерді қабылдауға үйренеді
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Алған арнайы білімдерінің негізінде елді мекендердің, қалалардың инженерлік қондырғыларының есебі мен жобалауы бойынша заманауи есептеу тәсілдеріне сәйкестендіру; – өндірістік жағдайда ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер табу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Құрылыс алаңындағы инженерлік құрылғылар туралы жалпы түсініктің қалыптасуы, олардың бір бірімен байланысы туралы түсініктің болуы.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Елді мекендердің карталарын жасауда инженерлік құрылғылардың орнын олардың ерекшеліктерін біле отырып жобалау
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Студенттер сыртқы суық сумен қамтамасыз ету, лас суды әкету жүйелерінің инженерлік қондырғыларын жобалауды, есептеуді, керекті құрал-жабдықтарды таңдауды үйренуі тиіс.