Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
Сипаттама: Курс еңбек қатынастарын құқықтық реттеу, сондай-ақ қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық тұрғыдан реттеу саласындағы білім мен дағдыларды қалыптастырады. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында еңбек заңнамасының сақталуын тиімді бақылау және қадағалау бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мен практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы кешенді іс-шаралардың тұрақты әрі тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етедуі
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Еңбекті қорғауды басқару жүйесі
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы" пәнінің мақсаты — студенттердің өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ нақты өндірістік және тұрмыстық жағдайларда нормативтік талаптар мен қауіпсіздік әдістерін қолдана білу.
Міндет
- Пәннің міндеті-еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының негізгі нормалары мен ережелерін зерделеу, өндірістік тәуекелдерді анықтау және бағалау дағдыларын қалыптастыру, жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алу әдістерін игеру, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыс орнында денсаулығын сақтау үшін алған білімдерін практикада қолдану қабілетін дамыту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Пәнді оқуды аяқтағаннан кейін студент еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының негізгі нормалары мен ережелерін, жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың пайда болу себептерін, олардың алдын алу әдістерін білуі және түсінуі, сондай-ақ осы білімді қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін қолдана білуі тиіс.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- "Студент өндірістік тәуекелдерді анықтау және бағалау, жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын әзірлеу және кәсіпорында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау үшін еңбекті қорғау және қауіпсіздік нормалары мен ережелерін білу мен түсінуді тиімді қолдана білуі тиіс."
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- "Студент өндірістік жағдайларды талдай білуі, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзудың тәуекелдері мен салдарын бағалай білуі, негізделген пайымдаулар жасап, жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ұтымды шешімдер қабылдай білуі тиіс."
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті кәсіби түрде жүзеге асыру, өндірістік тәуекелдер мен қауіпсіздік шаралары туралы нақты және уақтылы ақпарат беруді қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Алған білімдері мен дағдыларын өз бетінше оқыту және біліктілігін арттыру үшін кәсіби пайдалану, Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етудің жаңа әдістері мен технологияларын меңгеру, өндірістік ортаның өзгермелі жағдайларына және кәсіби қызмет талаптарына бейімделу.