Инженерлік және компьютерлік графика
Сипаттама: Пәннің мазмұны студенттердің қазіргі заманғы графикалық және есептеу құралдарын пайдалана отырып, объектілер мен процестердің геометриялық және математикалық сипаттамаларын жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Курста сызбаларды орындау, проекциялық сызудағы геометриялық салулар бойынша қажетті мәліметтер қарастырылады. Ерекше назар конструкторлық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеуге аударылады. AutoCad бағдарламасын меңгеру білім алушыларға осы бағдарламаның құралдарын пайдалана отырып, құжаттаманы ресімдеуге, сондай-ақ жобалауда ЖИ қолдану арқылы әртүрлі жобаларды құру процесін автоматтандыру мүмкіндігін меңгеруге мүмкіндік береді, бұл цифрлық өндіріс талаптарына инженерлік міндеттерді кешенді шешуге ықпал етеді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Информатика. Мектеп курсы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | |
| Практикалық жұмыстар | |
| Зертханалық жұмыстар | 45 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | шығармашылық емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Инженерлік және компьютерлік графика пәнін оқытудың мақсаты тәжірибелі есептерді шешу нәтижелі болу үшін студенттердің білімі мен дағдыларын қалыптастыру, жаңа графикалық түсініктермен таныстыру (мысалы: сызық, масштаб, қаріп), сонымен қатар, ертеден белгілі графикалық түсініктермен жұмыс істеу әдістерін және жаңа көзқарас қалыптастыру (мысылы: Монж эпюрі, центрлік проекциялау, параллель проекциялау), кеңістікте елестету қорын кеңейту және оларды бір жүйеге келтіріп бекіту болып табылады.
Міндет
- Инженерлік және компьютерлік графика пәнінің негізгі міндеттері сызба геометрия және инженерлік графика пәнінің негізгі түсініктерімен, анықтамаларымен таныстыру; КҚБЖ – нің негізгі қағидаларын үйрету, оларды тәжірибеде қолдана білуге және алған білімдерін келесі пәндерді оқу барысында (электротехника, қолданбалы механика және т.б.) курстық, дипломдық жұмыстарды және дипломдық жобаларды орындауда қолдана алуға дайындау болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Инженерлік және компьютерлік графика пәнін оқыту нәтижесінде студент білуге тиіс: - проекциялық сызба әдістерін; конструкторлық тетікбөлшектердің принциптерін, түйіндерін, механизм және машиналарды; сызбаға объектердің кеңістіктегі кескін құрылысын түсіру әдістерін, стандарттау негізін, стандарт құрлымдарын, ажырайтын және ажырамайтын біріктірулерді, нормативті - техникалық құжаттарды, оларды қолдану мен өңдеу принциптерін; - құрастыруды, бөлшектеу сызбасы мен эскизді, өндірістік және жобалық қызметтегі құрастыруды, бөлшектеуді, сызбалар мен эскиздерді, стандарттарды пайдалана біліп, техникалық өнім көрінісін және схемасын, құрылымдарды сызуды тәжірибиелі түрде меңгеруі керек.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Проекциялық сызба әдістерін; конструкторлық элементтердің механизмдері мен машиналарын, принциптерін, түйіндерін; сызбаға объектердің кеңістіктегі кескін құрылысын түсіру әдістерін, стандарттау негізін, стандарт құрлымдарын, ажырайтын және ажырамайтын біріктірулерді, нормативті - техникалық құжаттарды, оларды қолдану мен өңдеу принциптерін; - құрастыру, бөлшектеу сызбасы мен эскизді, өндірістік және жобалық қызметтегі құрастыруды, бөлшектеуді, сызбалар мен эскиздерді, стандарттарды пайдалана біліп, техникалық өнім көрінісін және схемасын, құрылымдарды сызуды тәжірибиелі түрде меңгеруі керек.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- • сызбаларды жасау техникасы туралы; • КҚБЖ стандарттарын қолдану туралы; • ортогональды және аксонометриялық сызбаларды салыстыруда кеңістіктік бейнелеу және елестету.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Құзыреттері: – базалық және профильді пәндерді меңгеруге, болашақта инженерлік іс-әрекетті ойдағыдай орындауға қажет білім алу мүмкіндігі; – меңгерілген білім негізінде инженерлік графика және сызба жұмыстары міндеттерін тұжырымдау; – инженерлік графикадағы іргелі және ең соңғы жетістіктерді қолдану қабілеті; – өндірістік жағдайда ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер табу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Дағдылары: - кеңістік элементтерін жазықтықта кескіндеу тәсілдері, бұл кескіндер көмегімен геометриялық сипаттағы есеп шығару жолдары, сызбаны орындау мен рәсімдеудің негізгі ережелері мен заңдылықтарын оқып – білу; - бұйым сызбасын оқу және орындау; - ұқыптылыққа, зеректікке, инженерлік тұрғыдан ойлауға және басқа қасиеттерге ие болу.