Өнеркәсіптің зиянды заттары және химиялық қауіпсіздік

Идришева Жанат Кабылбековна

Оқытушының портфолиосы

Жаманбаева Манира Крыкбаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән әртүрлі өнеркәсіп салаларында кең таралған зиянды химиялық заттарды, олардың көздерін, қасиеттерін, адам денсаулығына және қоршаған ортаға әсерін зерттеуге бағытталған. Студенттер химиялық қауіптерді бағалау әдістерін, шекті рұқсат етілген концентрацияларды есептеу және қауіп факторларын жүйелеу дағдыларын меңгереді. Пәнді меңгеру нәтижесінде өндірістегі химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және техногендік ластануды азайту шараларын әзірлеу қабілеті қалыптасады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Химиялық талдау

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар 15
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттерді токсикологияның теориялық және практикалық негіздерімен таныстыру, студенттердің өндірістік қызметтің, адам мен табиғи экожүйелердің өзара әрекеттесуінің механизмдері мен салдары туралы білімдерін тереңдету және кеңейту
Міндет
  • - Ластаушы заттарды бөлудің негізгі көздерін зерттеу; ластаушы заттардың химиялық қасиеттері мен биологиялық әсерін зерттеу; жұмыс аймағында және қоршаған ортада ластаушы заттардың болу нормативтерін зерттеу; әртүрлі орталарда ластаушы заттарды анықтау әдістерін зерттеу; осы заттардың түзілуін және таралуын азайту шаралары туралы базалық білім алу.