Экологиядағы және ТЖ-дағы геоақпараттық жүйелер

Кайсина Макпал Исатаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән табиғи және техногендік қатерлер кезіндегі жағдайларды басқару мен экологиялық үдерістерді талдауда геоақпараттық жүйелерді қолдануды қамтиды. Білім алушылар экологиялық жағдайды бағалау және төтенше жағдайларға әрекет ету үшін қажетті кеңістіктік деректерді жинау, өңдеу және визуализациялау әдістерін меңгереді. Курсты оқу қоршаған ортаны бақылау және табиғатты қорғау шараларын жоспарлау үшін ГАЖ технологияларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Кредиттер саны: 8

Пререквизиты:

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 60
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 120
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Ауызша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • студенттерге территорияның тұрақты дамуын басқару, жобалау, табиғат нысандарының құрлысы мен қолданыста болу мәселелерін шешу үшін геоақпараттық жүйелерді (ГАЖ) жобалау туралы түсінік беру.
Міндет
  • -ГАЖ идеологиясы мен оқытылатын басқа да пәндердің арасындағы орнын түсіну; ГАЖ құрлымы және оның құрамбөліктері туралы, ГАЖ-дің негізгі қыземт ету принциптері туралы, қазіргі заман ГАЖ-нің аналитикалық мүмкіндігі туралы теориялық білім алу; - өндірістік күштердің орналасуы мен дамуы немесе қоршаған ортаға кері әсер келтіретін интенсивті басқарма, шаруашылық, инвестициялық және басқа да қызметтер жүргізілуі жоспарланатын территорияларға қолданысты қошаған ортаның кешенді сұлбасын әзірлеу бойынша дағдыландыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • ГАЖ құрлымы және оның құрамбөліктері туралы, ГАЖ-дің негізгі қыземт ету принциптері туралы, қазіргі заман ГАЖ-нің аналитикалық мүмкіндігі туралы теориялық білім алу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Замануи техниканы қолдана білу дағдысы, төтенше жағдайлар мен қоршаған орта жағдайын бағалау мен талдаудағы ақпараттық технологияларды қолдану дағдысы
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • ГАЖ идеологиясын және оның басқа да оқытылатын пәндер арасындағы орнын түсіну
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Өзінің өндірістік және қоғамдық қызметі мен тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу салаларындағы әдістер мен бағдарламаларды әзірлеу мен қолдануды кәсіптік жүзеге асыруға қатысу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Әртүрлі бағдарламалық құралдар (ГАЖ) қолдану, нақты ГАЖ-не қажетті деректер базасын құру, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша нормативтік-техникалық және құқықтық құжаттармен қолдану, қоршаған ортаға антропогенді әсер ету қауіпінің дәрежесін талдау және бағалау, тіршілік ету ортасындағы жағымсыз жағдайдың өрбуін болжау, территория қоршаған ортасына жағымсыз әсерді азайту бойынша шаралар әзірлеу, ГАЖ-технологиясын қолданып арнаулы мазмұндағы сандық карталарды құру дағдысы