Өнеркәсіп қалдықтарын көму, залалсыздандыру және қайта пайдалану негіздері
Сипаттама: Пән өнеркәсіптік қалдықтардың негізгі сипаттамаларын, қоршаған ортаны өнеркәсіптік қалдықтармен ластанудан қорғауды, қалдықтарды кәдеге жарату әдістері мен технологияларын, полигондар мен қоқыс тастайтын жерлерде қалдықтарды өңдеу, қоймалау және сақтау тәсілдерін, қалдықтарды кәдеге жарату процестерінің жалпы заңдылықтарын, өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жаратудың құқықтық, экономикалық және экологиялық аспектілерін қарастырады. Қалдықтарды паспорттау және сертификаттау мәселелері қарастырылады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Өнеркәсіптік экология
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- «Өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату, залалсыздандыру және көму негіздері» пәнін оқытудың басты мақсатына өнеркәсіптік қалдықтардың негізгі топтарын, оларды залалсыздандыру, көму және қайта пайдалану мәселелерін техникалық және технологиялық шешуді, сонымен қатар қорымдар, полигондар мен көму бөліктерінің маңындағы аумақтардың экологиялық қауіпсіздігін айқындаудың дағдыларын қалыптастыру жатады.
Міндет
- -қалдықтар және оларды ретке келтіруші шараларды сипаттайтын нормативті және заңды құжаттарды; -қалдықтың негізгі түрлері мен олардың қасиеттерін, қалдықтарды зиянсыздандырудың технологиялық қағидаларын; -пайдаға асырудың негізгі қағидалық сұлбалары мен олардың тиімділігін; -қалдықты көму сұлбалары мен әдістерін; -қорымдар мен полигондарды жобалаудың негізгі қағидаларын; -көмілген материалдарды қорғау мен сақтаудың инженерлік әдістерін ұйымдастыруды; -полигондарды қадағалау мен бақылау жүйелері мен әдістерін оқып үйренуі қажет.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Білу керек: нормативті-техникалық әдебиеттерді қолдануы; қалдықтардың қолайсыз ерекшеліктерін талдау мен бағалау және оларды жіктеу; - өнеркәсіптік қалдықтарды қайта пайдалану, зиянсыздандыру және сақтау технологияларының қауіпсіздігін, тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыздандыратын оңтайлы инженерлік шешімдерді таңдау және дәлелдей білу; - өнеркәсіптік қалдықтарды тиімді пайдалануы бойынша есептерді шешуді және анықтау; - екінші дәрежелі шығарындылардың қалыптасуын ескермейтін пайдаға асырудың технологиялары, қондырғылары мен сұлбаларын таңдау; - өнеркәсіптік қалдықтарды кешенді пайдаланудың тиімді технологияларын нақты өнеркәсіпке бейімдеу мүмкіндігін таңдау.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- - зиянды және нормативтік-құқықтық база, техникалық және жобалық құжаттаманы, эксперименттік-зерттеу жұмыстарын және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі мен еңбек қорғауға қатысты барлық аспектілерде бақылауды, әзірлеу мен құрастыруды ұйымдастыру және жүргізу мәселелерінде құзыретті болу керек.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, соның ішінде өндірістік қалдықтарды залалсыздандыру, қайта кәдеге жарату және көмуге қатысты әлеуметтік-экологиялық жүйелердің проблемалары туралы көзқарасы болуы керек
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- зиянды және нормативтік-құқықтық база, техникалық және жобалық құжаттаманы, эксперименттік-зерттеу жұмыстарын және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі мен еңбек қорғауға қатысты барлық аспектілерде бақылауды, әзірлеу мен құрастыруды ұйымдастыру және жүргізу мәселелерінде құзыретті болу керек.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- нақты материалды талдау; - қалдықтарды сәйкестендіру; - қалдықтармен іс – шараларды есептік-талдамалық бағалау