Стандарттау, сертификаттау және метрология
Сипаттама: Пән өнімнің жоғары сапасы мен еңбек тиімділігін қамтамасыз ету үшін метрология, стандарттау және сертификаттау теориялық және практикалық негіздерін қалыптастырады. Стандарттау мен сертификаттау ұғымдары, метрология теориясының және метрологиялық қамтамасыз етудің негіздері, техникалық өлшеулерді жүргізу тәжірибесі, геометриялық параметрлер бойынша бұйымдардың өзара алмастырылу принциптері зерттеледі. Метрологияның негіздерін, рұқсат етілген ауытқуларды, қондырмаларды және өлшеу әдістерін білу, сондай-ақ өнім сапасын және өндірістік тиімділікті арттыру мақсатында стандарттау мен сертификаттау принциптерін қолдану қарастырылады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Химиялық талдау
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Метрология, стандарттау және сертификаттау пәнін игерудің мақсаты стандарттау, метрология және өнімнің, жұмыс пен қызмет көрсетудің сапасын қамтамасыз етудің негізгі әдістері ретінде сәйкестікті растау саласындағы білім, білік және дағдыны меңгеру жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Міндет
- Заңнамалық, теориялық және қолданбалы метрологияның теориялық негіздерін; стандарттау мен сертификаттаудың құқықтық негіздері мен жүйелерін; өзара алмастыру, дәлдікті нормалау негіздерін; өлшеудің қазіргі заманғы құралдарын зерттеу;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Сапа менеджменті жүйесі бойынша және стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі сұрақтар бойынша «Стандарттау, метрология және сертификаттау» пәні терең білімді қосады.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Техникалық және дәл есептер жасау кезінде, Халықаралық СИ жүйесін техникалық есептерде қолдануға "стандарттау, метрология және сертификаттау" курсын білу тиіс
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Студенттер халықаралық, мемлекеттік стандарттау және сертификаттауда білім көрсету керек.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Стандарттарды өндіріске енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыра алу керек.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Пәнді оқу басқа өндірістердің пәндерін оқу үшін қажет.