Қоршаған орта компоненттерін тазалаудың техникасы мен технологиясы

Кайсина Макпал Исатаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пәнде атмосфералық ауадағы зиянды заттардың Пән қоршаған ортаның әртүрлі компоненттерін — ауа, су және топырақты — ластаушы заттардан тазарту бойынша заманауи әдістер мен технологияларды қамтиды. Оқушылар тазарту құрылғыларының жұмыс принциптерімен, физика-химиялық және биологиялық тазарту әдістерімен, сондай-ақ жағдайға байланысты тиімді технологияларды таңдаудың тәсілдерімен танысады. Курсты оқу қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласында практикалық дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Қоршаған ортаны экологиялық және қорытындылық бақылау

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Ауызша емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәннің мақсаты студенттерді атмосфераны техногендік шығарындылардан тазалау үшін қолданылатын техникалық қондырғыларды, ауаны тазалау процестерінің экологиялық аспектілерін мәселелерін қарастыруға, шығарындылардың қауіптілігін бағалауға, атмосфераны ластауды төмендету әдістері бойынша нақты шешім қабылдауға үйрету болып саналады.
Міндет
  • Өнеркәсіпте Шаң-газ тазарту жүйелерін есептеу, жобалау және пайдалану дағдыларын меңгеру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Асмосфераны қорғаудың техникасы мен технологиясы аясындағы нормативті-техникалық актілерді, ҚР Заңының негізгілерін білу. Асмосфераны қорғаудың техникасы мен технологиясының негізін білу қажет.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қолданыстағы жағдайға талдау жүргізу және қолайсыз жағдайларды жою және алдын алу үшін шешім қабылдау және штаттық режимде жабдықтың жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Тазалаудың техникасы мен технологияларына қатысты нормативтік-техникалық және нормативтік-экологиялық құжаттарды жасай білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Тазалау техникасы мен технологияларына қатысты нормативтік-техникалық және нормативтік-экологиялық құжаттаманы орындау. Қоршаған ортаға әсер ету компоненттерін тазарту кешенін қолданумен байланысты әлеуметтік-экологиялық жүйелердің проблемалары туралы түсінікке ие болу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Өзінің өндірістік және қоғамдық қызметін кәсіби жүзеге асыру мен тазарту және технологияларды дамыту жүйесін құру саласында әдістер мен бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Атмосфераға шығарылатын шығарындылардың қауіптілігін бағалап, атмосфераны ластауды төмендету әдістері бойынша нақты шешім қабылдау.