Жерлерді геоэкологиялық бағалау

Гусаренко Юлия Дмитриевна

Оқытушының портфолиосы

Асылханова Жанна Александровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс елді мекендердің жерлерін бағалау әдістемесінің негізгі ережелерімен, елді мекендердің аумақтарын жер-бағалау аудандастыру қағидаттарымен, елді мекендер аумақтарының инженерлік-геологиялық жағдайларын кешенді және қала құрылысын бағалау әдістемелерімен таныстырады. Студенттер елді мекендердің инженерлік-геологиялық жағдайлары мен экологиялық жағдайын (атмосфералық ауаның, топырақтың, жер асты суларының, өсімдіктердің, радиациялық жағдайдың ластануын бағалау) бағалау және тиісті карталарды жасау дағдыларын игереді.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Жер кадастры

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 90
курстық жұмыс
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Елді-мекен жерлерін кадастрлық бағасын, жер-бағалаулық аудандастырудың пайда болу принциптерімен таныстыру.
Міндет
  • Студентті елді мекен жерлерінің инженерлік-геологиялық және экологиялық шарттарының жағдайларын бағалауды үйрету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • елді мекен жерлерінің жер-бағалаулық әдістері;
  • жерді бағалау кезіндегі әр түрлі тәсілдерінің функционалды тағайындалыун білу;
  • кадастрлық бағалау жұмыстарының технологияларын және құрамын білу
  • елді мекен жерлерінің, қалаларды қайта құру, салу жобаларының экологиялық бағалауын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Шеберлік:
  • - жер-бағалаулық аудандастыру технологияларын қолдану;
  • -елді мекен жерлерінің инженерлік-геологиялық және экологиялық шарттарын бағалау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Өндіріс тәсілері туралы акпаратты талдау қабілеттілігі, негізделген пікірді айту және негізделген қортынды жасай білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • - команда мүшесі ретінде тиімдң жеке жұмыс істеу;
  • - ұжымдағы ұйымдастыру-басқару функцияларын орындау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Инженерлік-геологиялық және экологиялық шарттарды бағалау.
  • Компьютерлік технологияларды қолдана отырып геоэкологиялық карталау.
  • Әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып елді мекен жерлерді геоэкологиялық бағалауды орындау қабілеті.