Серіктік технологиялар
Сипаттама: Курс ғаламдық навигациялық спутниктік жүйелердің (GNSS) жұмыс істеу принциптерін, спутниктік сигналдарды қабылдау және өңдеу технологияларын, сондай-ақ Жерді қашықтықтан зондтау (ҚЗЖ) деректерін геодезияда, картографияда, мониторингте және аумақты басқаруда қолдану әдістерін зерделеуге бағытталған. Студенттер жоғары дәлдікті позициялау, кеңістіктік талдау, картографиялау, нысандарды мониторингтеу және спутниктік ақпаратты бастапқы өңдеу бойынша ҚЗЖ және спутниктік навигациялық жүйелерді қолдану дағдыларын меңгереді.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Геодезия
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | 30 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Геодезиялық, жерге орналастыру және кадастрлық мәселелерді шешу үшін, студенттер серіктік технологияларды қолдану теориясы мен тәжірибе саласындағы әрекетті жүзеге асырудағы, білімге, қабілетке, дағдыларға ие болу.
Міндет
- Координаталардың аспандық және жерлік геоорталық жүйелерін, GPS және ГЛОНАСС жүйелердің құрылымын білу; GPS-қабылдағыштарды қолдану арқылы геоорталық координаталарды анықтауды, бір жүйеден басқа жүйеге координаталарды түрлендіру бойынша есептеулерді орындауды істей алу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Геодезиялық өлшеулер үшін және олардың нәтижелерін математикалық өндеу кезінде қолданатын геодезиялық аспаптарды, ғарыштық геодезияның техникалық құрал-жабдықтарын, ақпаратты өндеу үшін автоматтандырылған құрал-жабдықтарын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Мониторинг жүргізу мақсатында әртүрлі объектілерді геодезиялық бақылау кезінде ғарыштық геодезия білімін қолдану қабілеттілігі
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Әртүрлі геодезиялық өлшеулер және оларды қолдану жағдайларының өндірісіндегі тәсілдері туралы қорытынды жасау, ақпаратты талдау қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- кешенді мәселелерді шешу кезінде жеке және жауапкершілікті бөле отырып командамен жұмыс істеу
- ұжымда ұйымдастыру-басқару функцияларын орындауға қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Геодезиялық аспаптар және инструментермен жұмыс істеу дағдылары.
- Геодезиялық техникалық құжаттарды құруға дайындау.