Агроқұрылымдарды шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру

Абдыгалиева Алмагуль Кайыркановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс ауыл шаруашылығы кәсіпорындары (агроқұрылымдар) шеңберінде жер пайдалануды табиғи жағдайлардың ерекшеліктерін, өндіріс мамандануын және ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту талаптарын ескере отырып ұтымды ұйымдастыру саласында студенттердің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер жер пайдаланудың ішкі құрылымын талдау, шаруашылықтың өндірістік-аумақтық құрылымын жобалау, егіс алқаптарын, инфрақұрылым нысандарын және табиғатты қорғау аймақтарын орналастыруды жоспарлау, сондай-ақ агроқұрылымдардың тиімділігі мен экологиялық тұрақтылығын арттыруға бағытталған жерге орналастыру шешімдерін қолдану дағдыларын меңгереді.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Топырақ тану

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
курстық жоба
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Аумақтарды шаруашылық ішінде жерге орналастыру саласында теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларын алу.
Міндет
  • шаруашылық ішіндегі жерге орналастырудың мазмұны және принциптерін; шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобалардың түрлерін, мазмұнын; жерге орналастырудың кезеңдерін; шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобалардың ерекшеліктерін; мәтіндік және графикалық жобалық құжаттарды құру әдістерін білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Агробизнесжоспарлаудың, жерге орналастырудың негіздерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Құқықтық және нормативтік техникалық құжаттамаларды білу негізінде жер кадастрын жүргізу, жер ресурстарын басқару, жерді бақылау және қорғау саласында кәсіби мәселелерді шешу үшін бар білімдерін қолдану қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ақпаратты сараптау, әртүрлі жерге орналастыру және кадастрлық жұмыс өндірісінің әдістері туралы дәйекті қорытындылар жасау және дәйекті пайымдауды айту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымда ұйымдастыру басқару қызметін атқаруға қабілет.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Жер учаскелерін бөліп беру және құқық белгілеуші құжаттарды рәсімдеуді, ауылшаруашылық және елді-мекен жерлерін пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүргізуді ұйымдастыру және орындау қабілеті.
Негізгі әдебиет
  • Земельный кодекс Республики Казахстан от 20 июня 2003. – Алматы: Юрист, 2003
  • Земельное законодательство Республики Казахстан. – Алматы: Право, 2004
  • Волков С.Н. Землеустройство. Теоретические основы землеустройства. Т.1. – М.: Колос, 2001
  • Волков С.Н. Землеустройство. Экономика землеустройства. Т.5. – М.: Колос, 2001
  • Сулин М.А. Землеустройство сельскохозяйственных предприятий.- СПб.: Знание, 2002