Шаруашылықаралық жерге орналастыру
Сипаттама: Курс шаруашылық субъектілері арасындағы жер пайдалануды табиғи, экономикалық және құқықтық жағдайларды ескере отырып ұтымды ұйымдастыру саласында студенттердің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер жер пайдаланудың қолданыстағы құрылымын талдау, шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын әзірлеу, жер ресурстарын тиімді бөлуді негіздеу және жерге орналастыру тәжірибесінде нормативтік-құқықтық құжаттарды қолдану дағдыларын меңгереді.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Инженерлік білім беруге кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| курстық жоба | |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Аумақтарды шаруашылық аралық жерге орналастыру саласында теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларын алу.
Міндет
- Шаруашылық аралық жерге орналастыруды жобалау әдістемесін; жер пайдаланушылық пен жер иеленушілік жерлерін ұйымдастыру әдістерін; әр түрлі нысаналы мақсаттағы жер пайдаланушылықтарды жобалаудың ерекшеліктерін білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Жерге орналастырудың негіздерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Құқықтық және нормативтік техникалық құжаттамаларды білу негізінде жер кадастрын жүргізу, жер ресурстарын басқару, жерді бақылау және қорғау саласында кәсіби мәселелерді шешу үшін бар білімдерін қолдану қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Ақпаратты сараптау, әртүрлі жерге орналастыру және кадастрлық жұмыс өндірісінің әдістері туралы дәйекті қорытындылар жасау және дәйекті пайымдауды айту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Ұжымда ұйымдастыру басқару қызметін атқаруға қабілет.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Жер учаскелерін бөліп беру және құқық белгілеуші құжаттарды рәсімдеуді, ауылшаруашылық және елді-мекен жерлерін пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүргізуді ұйымдастыру және орындау қабілеті.