Математика
Сипаттама: Сызықтық және векторлық алгебраның элементтері, аналитикалық геометрия элементтері, математикалық талдауға кіріспе; бір айнымалы функцияның дифференциалдық есептеулері және оларды қолдану; бірнеше айнымалылар функциясының дифференциалдық есептеулері және оларды қолдану.Интегралдау әдістері. Анықталған интегралдардың қолданыстары. Есептеудің ең жаңа техникалық әдістері математикалық зерттеулерді кез-келген ғылым саласына қатысты қолдануға және шешімді тәжірибелік қолдануға мүмкіндік береді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Математика. Мектеп курсы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Пәнді оқытудың мақсаты математикалық модельдерді пайдаланатын пәндерді игеру үшін негізгі база болып табылатын негізгі ұғымдар мен әдістерді меңгеру, студенттерде қолданбалы есептерді қою және шешу кезінде математикалық әдістерді қолданудың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Міндет
- студент пәннің негізгі ұғымдарын білу, теорияны түсіну және дәлелдей білу, Осы курстың математикалық аппаратын қолдану арқылы практикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын меңгеру керек
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- «Математика » пәні бойынша формулаларды және қасиеттерді, символикаларды, шексіз аз шамаларды салыстыру теориясын, сонымен қатар, сызықты алгебра және аналитикалық геометрия элементтерін, координаталық әдістерді, бір және көп айнымалыларға байланысты функцияларды дифференциалдық және интегралдық есептеулері есептерін шешудің негізгі әдістерін біледі.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- «Математика І» пәнін оқығаннан алған білімдерін қолданбалы есептерді шешуде және әртүрлі есептердің математикалық үлгілерін құруда және берілгендерді салыстырмалы талдауында, сонымен қатар комплексті инженерлі салаларда қолданады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Өз бетімен өзін-өзі бақылаудың, оқудың және білудің әдістері мен құралдарын қолдану қабілеті, өзін-өзі дамытудың кәсіби, физикалық, адамгершілік, мәдени, интеллектуалдық келешегін түсіну қабылеті, өзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалай алу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Орындаушылардың жеке топ мүшесі ретінде немесе жеке дара мүшесі қызмет көрсетіп, соның ішінде пәнаралық жобаларды орындау және басқару қасиетін көрсете отырып, , кәсіби қызмет жүргізу нормаларына және кәсіби этиканы ұстанушылықты, жеке тұлғалық жауапкершілікті көрсете алу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Кәсіби ортада және бүкіл қоғамда қатынас жүргізіп, сонымен қатар, бар мағлұматтарды талдап және өз бетімен жаңадан техникалық құжаттандыру жасап; автоматтандыру және басқару саласында комплексті және инженерлі қызмет нәтижесін накты түрде баяндайды және қорғайды. Қолданбалы есептердің математикалық үлгісін құру үшін математикалық ақпаратты аналитикалық түрде көрсете алады.