Геодезия
Сипаттама: Пәнді оқу барысында студенттер қазіргі заманғы геодезиялық жабдықтарды (топографиялық карталар (жоспарларды) жасау үшін топографиялық түсірулер, жоспарлы және биіктік түсірілім негіздемесін құру, геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу, топографиялық карталар, жоспарларда есептерді шешу) қолдана отырып, инженерлік құрылыстарды жобалау, салу және пайдалану кезінде қажетті геодезиялық жұмыстар кешенін орындау дағдылары мен біліктерін меңгереді.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- География. Мектеп курсы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 15 |
| Зертханалық жұмыстар | 30 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Жердің пішіні мен өлшемі туралы, координаталық жүйелер туралы, жергілікті жерде өлшемдер жасау, алынған өлшем нәтижелерін өңдеу және топографиялық план, қима сызбаларын құрастыру туралы түсінік беру
Міндет
- Студент білу керек: әртүрлі инженерлік объектілердің (құрылыстар, автомобиль жолдары, гидротехникалық құрылыстар, көпірлер, құбырлар) құрылысы мен жобалауын қамтамасыз етудегі геодезиялық жұмыстардың технологиясы мен құрамын.
- Студент істей білуі қажет: - топографиялық картаны еркін оқи және ондағы негізгі есептерді графикалық және есептеу сипатында шешу; - геодезиялық аспаптар мен инструменттердің көмегімен жобалық және құрылыстық есептерді шешуге байланысты қиын емес геодезиялық өлшеулер мен жұмыстарды өз бетімен орындау; - өлшеулердің математикалық өңдеуін жүргізу (координаталар ведомосін, түзу және қисық ведомосін есептеу, тахеометриялық түсірістің журналын, техникалық нивелирлеу журналын өңдеу); - өлшеудіңқорытындысын графикалық рәсімдеу (топографиялық план, бойлық және көлденең қималарды салу, жер жұмыстарының картограммасының жазық және тік жобалау планы).
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Геодезия мамандығының негізгі мақсаттары мен тапсырмаларын, терминдер мен түсініктерін білу. Өлшеу және есептік-графикалық жұмыстардың астары мен мақсаттарын түсіну
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Теориялық бөліктен алынған білімді практикалық тұрғыда: геодезиялық аспатармен жұмыс барысында, геодезиялық есептерді шешу кезінде және топографиялық пландарды салу барысында қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Әртүрлі геодезиялық өлшеулер және оларды қолдану жағдайларының өндірісіндегі тәсілдері туралы қорытынды жасау, ақпаратты талдау қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- кешенді мәселелерді шешу кезінде жеке және жауапкершілікті бөле отырып командамен жұмыс істеу қабілеттілігі;
- коллективте ұйымдастыру-басқару функцияларын орындауға қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Геодезиялық аспаптар және инструментермен жұмыс істеу дағдылары.
- Геодезиялық техникалық құжаттарды құруға дайындау.