Жоғары геодезия
Сипаттама: Жер бетіндегі тірек нүктелер жүйесін құру әдістерін, олардың қабылданған координаттар жүйесінде қажетті және жеткілікті дәлдікпен анықталған ғылыми және практикалық міндеттерді шешу үшін өзара орналасуын зерттеу; астрономиялық, геодезиялық, гравиметриялық және спутниктік өлшеулердің нәтижелерін математикалық өңдеудің теориялық негізделген әдістерімен Жердің пішінін, өлшемдерін және оның сыртқы гравитациялық өрісін зерттеу.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Геодезия
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Студенттерді сәйкесті профилі бойынша дайындауда әртүрлі тапсырмаларды шешу үшін, жоғары геодезияның негізгі классикалық бөлімі бойынша теориялық және практикалық білімдерді игеру.
Міндет
- - Жер өлшемі мен пішінін анықтаумен байланысты геодезиялық жұмыстарды орындау; - триангуляция және полигонометрия тұрғызу бойынша бағдарлама құрастыру; - триангуляция және полигонометрия пунктерінде бақылау жүргізу, 4 классты нивелирлеуді орындау; - геодезиялық торларда оңайластырылған теңестіру жүргізу; - геодезиялық өлшеулер нәтижесінің дәлдігін бағалауды жүргізу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- жоғары геодезияның негізгі ғылыми есептерін шешудің теориясы мен әдістері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Әртүрлі нысандарды мониторинг жүргізу мақсатында геодезиялық бақылау өндірісінде жоғары геодезиядан алған білімдерін пайдалану қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Жобалық –құрылымдық жұмыстарды орындау, өз бетінше жобалау, ұйымдастыру және тау-кен геологиялық зерттеулерді жүргізу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Ұжымның мүшесі немесе жетекшісі ретінде тиімді жұмыс істей білу, жұмыс нәтижесіне жауапкершілікті іске асырушы және тау-кен ісі кәсіптік мәселелерді шешу үшін, ақпараттарды алудың, өңдеудің және сақтаудың негізгі әдістерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Зерттеу жүргізудің қолданыстағы әдістерін жетілдіріп, алдыңғы қатарлы әдістерді ендіру және тау-кен саласында ғылыми техникалық үрдістердің жетістіктерін пайдаланып, техника, технологияларды жетілдіруге қабылдау.